Реклама
Реклама

Көлсай көлдері

Қалай баруға болады

Алматы қаласынан Саты ауылына дейін 280 км жүресіз. Ол жерден көлдің төменгі жағына дейін жол талғамайтын көлікпен 10 шақырым жүріп өтесіз. Алматының туристік агенттіктері демалыс күндері біркүндік турларды жыл бойы ұйымдастырады.

Несімен қызықты

Солтүстік Тянь-Шань тауларының асыл алқасындай болған Көлдер жүйесі Жоғарғы, Орта, Төменгі Көлсай көлдерінен тұрады. Үшеуінің әрбірінде өзіне тән тылсым сыры, сөз жетпес сұлулығы бар. Көлдерді мемлекет қорғауындағы орман қоршап тұр. Орманнан түркістан сілеусіні, қар барысы, Тянь-Шань аюы, көк құс, құмай, сақал секілді жануарлар мен құстарды көре аласыз.

Не қызық бар

Төменгі Көлсай көлі теңіз деңгейінен 1800 метр биікте орналасса, көлдердің ең үлкені Мыңжылқы теңіз деңгейінен 2 250 метр биікте, ал жоғарғы Көлсай одан 600 метр биікте орналасқан.

Қандай ойын-сауық түрлері бар

Мұнда пикникке арналған орындар мен беседкалар бар, жақында көлді тамашалауға арналған бақылау айлақтары жаңартылды. Туристерге атпен серуендеу, қайықта жүзу, катамаранмен сейілдеу, айлақтағы фототүсірілім қызметтері ұсынылады.

Қай кезде барған дұрыс

Көлдердің ғажап көрінісін жыл бойы тамашалауға болады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная