Алма-Арасан шатқалы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалай баруға болады

Шатқалға Дулати көшесінен №28, 108 және 211 бағыттағы автобустар қатынайды. Автокөлікпен Дулати көшесі бойымен "Алма-Арасан санаторийі" аялдамасына дейін жүресіз. Ол жерден жолайрық басталатын тұстағы автотұраққа жаяу баруға немесе көлікпен жетуге болады (нұсқаушы белгілер жолды көрсетеді).

Несімен қызықты

Алма-Арасан шатқалы табиғат аясындағы отбасылық демалыс үшін өте қолайлы. Мұнда сейіл құрып, таудың саф ауасымен тыныстап,  табиғаттың тылсым күшінен қуат аласыз. Алматы Арасан шатқалы арқылы Үлкен Алматы өзенінің сол сағасы - Проходная өзені ағып өтеді.

Не қызық бар

Шатқалдағы қызықты өзіңіз таңдай аласыз, мысалы трекингпен айналысуға, "Қыздың көз жасы" сарқырамасы жанындағы дәмханалардың бірінде демалуға немесе ыстық бұлақтардан қуат алуға болады. Бұлақ суының температурасы 20,5 градустан 39,7 градусқа дейін. Емдік қасиеті бойынша су пиреней типіндегі әйгілі француз шипалы суына ұқсас.

Көршілес Үлкен Алматы шатқалында туристер арасында танымал Үлкен Алматы көлі (ҮАК), Үлкен Алматы шыңы (ҮАШ) және Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы бар.

Қай кезде барған дұрыс

Шатқалдың тамаша көрінісі жыл бойы тамашалауға тұрарлық.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная