Құмбел шыңы
Қалай баруға болады
Құмбел шыңына Көкжайлау немесе Горельник арқылы жетуге болады.
Несімен қызықты
Теңіз деңгейінен 3230 метр биіктіктегі Құмбел тауы - Іле Алатауының ең көрнекті шыңдарының бірі. Оның өзіне тән ерекшелігі - мәңгілік қар жамылғысының болмауы, "Құмбел" атауының өзі "құмды арқа" немесе "жота" дегенді білдіреді.
Не қызық бар
Жол бойында саяхатшылар Титов, Терешкова, Талғар, Нұрсұлтан және басқа да шыңдарды тамашалай алады. Саяхат серпантинді тау жолы арқылы өтеді, туристер жолда өзендерден су алып, Горельник сарқырамаларында немесе Көкжайлауда демалады. Жол бағытында Үш ағайынды биігі бар, оған сапардың бағытына қарай Құмбелге дейін немесе одан кейін соғып өтесіз.
Есіңізде болсын, сапар соңына қарай " алдамшы шыңдар" кездеседі - бұл мақсат орындалды деген елес тудыратын алып тастардың үйінділері. Шыңның биік нүктесінде суретке түсуді ұмытып кетпеңіз.
Қай кезде барған дұрыс
Жазда Құмбел тауына көтерілу туристер үшін қолжетімді. Қыста Құмбелге шығу тау бөктеріндегі қар сілемдері әсерінен қиындай түседі.