Жамбыл Жабаев ескерткіші
Мекенжайы
Достық даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысы.
Несімен қызықты
Жамбыл Жабаев - Қазақстанның құрметті халық ақыны. Оның поэзиясы қарапайым халықтың өмірімен байланысты, ол көптеген лирикалық, тұрмыстық, әлеуметтік-сатиралық жырларды, қаһармандық поэмалар мен ертегілердің авторы. Жамбыл шығармалары әлемнің 160 тіліне аударылды. Ескерткіш ақынның 150 жылдығына орай орнатылды.
Не тамашалауға болады
Мүсіндік композицияда тау бұлағын бейнелейтін тас қабырға - субұрқақтың алдында отырған ақын бейнеленген. Ақын алысқа ойлана қарайды, оң қолын тізесіне қойған, сол қолында домбырасы бар.
Ескерткіш маңы - демалуға арналған орындықтары бар алаң, оның артында шағын тоған бар. Бұл жерде демалып, содан кейін Теренқұрға барып серуендейсіз немесе жақын жерде орналасқан Шоқан Уәлиханов, Тарас Шевченко, Александр Пушкин, Герольд Бельгер және Шәмші Қалдаяқов ескерткіштерін тамашалай аласыз. Достық бойында сәл жоғары «Қазақстан» қонақүйі мен Республика сарайы орналасқан, оның алдындағы алаңда Абай ескерткіші бар.
Қай кезде барған дұрыс
Ескерткішті жылдың кез келген мезгілінде көре аласыз, бұлақты субұрқақтар көктемде іске қосылады.