ПОДЕЛИТЬСЯ
Абай ескерткіші
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Абай және Достық даңғылы қиылысындағы Абай алаңы.
Несімен қызықты
Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, ғалым, сазгер, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай - 170 өлеңнің, 56 аударманың, қазақ тіліндегі "Қара сөздер" философиялық шығармасының және бүгінде өте танымал 20 әннің авторы.
Не тамашалауға болады
13 метрлік ескерткіш 1960 жылы Абайдың туғанына 115 жыл толуына орай орнатылды. Сол қолында - кітап, оң қолында - иығына ілген шапанның етегі. Ой тұнған көздері болашақты меңзегендей.
Ескерткіштің артқы жағында концерттер мен басқа да қалалық іс-шаралар жиі өтетін кең алаң және Республика сарайы орналасқан. "Арман" кинотеатры мен Көктөбеге көтерілетін аспалы жол да сол жерде орналасқан. Төменірек "Қазақстан" қонақүйі мен фонтан тұр. Осы жерден Тереңқұр соқпағының серуендеу аймағы басталады немесе Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жаяу баруға болады.
Қай кезде барған дұрыс
Алаң жылдың кез келген мезгілінде ашық.