ПОДЕЛИТЬСЯ
Family Park
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Ұлықбек даңғылы, 57 а.
Несімен қызықты
Family Park - Алматыдағы ең ірі ойын-сауық саябақтарының бірі. Кеңестік Алматының тұрғындары осы саябаққа сейіл құратын. Ол кезде Қазан төңкерісінің 50 жылдығы атындағы саябақ деп аталды, оның орталығында есептен шығарылған Ил-86 ұшағы тұрды.
Қандай қызық бар
Қазір келушілерге аттракционның 30-дан астам түрі (айналма шолу дөңгелегі, америкалық сырғанақ, әткеншек, картинг, виртуалды ойын автоматтары), шағын зообақ, боулинг орталығы, сондай-ақ 4 сырғанағы, 3 бассейні бар аквапарк қызмет көрсетеді.
Саябаққа "Сарыарқа" скверіндегі Кеңестік ескерткіштер саябағы мен ірі сауда орталығы іргелес орналасқан.
Жұмыс кестесі
Ашық аспан астындағы аттракциондар көктемнен күзге дейін жұмыс істейді. Аквапаркке жаз мезгілінде, ал боулинг пен картингке жыл бойы бара аласыз. Аттракциондардың жұмысы туралы әкімшіліктен алдын ала нақтылап білген дұрыс.