Неке сарайы
Мекенжайы
Абай даңғылы, 101а.
Несімен қызықты
1971 жылы ашылған Неке сарайы - Қазақ КСР-ындағы тұңғыш сарай. Жас жұбайлар дәл осы жерде некесін тіркеуді қалайтын және күніне 90 жұптың некесі қиылатын. Ол үшін бірнеше ай бұрын кезекке жазылу қажет болды. Сарай ашылған күннен бастап бүгінге дейін 100 мыңнан астам отбасы құрылды. Қазір осы қасиетті жерге алғашқылардың бірі боп некесін тіркеген ерлі-зайыптылардың балалары мен немерелері келеді, ал ересек жұптар күміс және алтын тойларын атап өтеді.
Не тамашалауға болады
Ең алдымен, модернизм стилінде салынған ғимараттың өзі көз тартады. Екіқабатты ғимарат қос неке сақинасының пішініне ұқсас. Ғимараттың қасбеті ақ мәрмәрмен қапталған және дөңгелек панорамалық терезелермен бөлінген. Солтүстік жағындағы жертөле бөлігін бедерлі жылтыр гранит жапқан. Терезелерді қоршап тұрған қорғаныс торлары ұлттық ою-өрнекпен безендірілген, бұл ғимаратқа нәзіктік пен салтанатты сипат береді.
Интерьер ақ және ақшыл қоңыр реңкпен боялған. Әдемі безендірілген баспалдақ орталыққа сән беріп тұр. Болашаққа маңызды қадам жасалатын баспалдақпен салтанатты әуен ырғағында көтерілудің өзі бөлек бір рәсім.
Жұмыс кестесі
Неке сарайы - саяхатшылардың қызығушылығын тудыратын ерекше орын. Неке қию рәсіміне алдын-ала жазылған жөн.