Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы
Мекенжайы
Абай даңғылы, 44.
Несімен қызықты
Спорттық-мәдени кешен - Қазақстандағы ең ірі мұз алаңының бірі және кеңес заманынан бері Алматының маңызды нысаны болып қала береді. Бұл әсерлі модерн стиліндегі құрылым 1967 жылы сәулетші Владимир Кацевтің басшылығымен салынған.
Кезінде бокс, баскетбол, каратэ спортынан халықаралық, бүкілодақтық және республикалық жарыстар өткізіледі, эстрада және мұздағы балет әртістерінің қойылымдары, халықаралық көрмелер мен республикалық жәрмеңкелер өткізілетін.
Қандай ойын-сауық түрлері бар
Спорт сарайында қазір де бұқаралық спорттық және мәдени іс-шаралар, оның ішінде күрес және аралас жекпе-жек турнирлері, сондай-ақ концерттер өтеді.
Спорт сарайына барған кезде міндетті түрде ғимараттың айналасына көз салыңыз. Мұнда суретшілер Олег Богомолов пен Евгений Сидоркин жасаған үлкен сәндік панельдер сақталған. Бір композицияда жеңіл және ауыр атлеттер, волейболшылар мен гимнасттар және биатлоншы бейнеленген болса, енді бір композиция қысқы спорт түрлері - хоккей және мәнерлеп сырғанауды сипаттайды.
Жұмыс кестесі
Жылдың кез келген мезгілінде баруға болады. Қыста сенбі және жексенбі күндері бұл жерде жаппай сырғанау ұйымдастырылады. Кіру уақыты сағат 13.00-де басталып, 20.40-та аяқталады.