"Арасан" монша-сауықтыру кешені

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Төлебаев көшесі, 78.

Несімен қызықты

"Арасан" кешені Алматыда 1982 жылы ашылды. Бастапқыда үш бөлек ғимарат салу қарастырылған, алайда кейін дизайнерлер монша мен емдеу мекемесі бір жерде болатын кешен салу тиімдірек деген қорытындыға келеді. Мұнда фин, орыс және шығыс моншасы мен спа-салондар бар.

Не тамашалауға болады

Сәулетшілер Баку, Ереван, Мәскеу, Будапештте монша салу тәжірибесін меңгерді. Олар, сондай-ақ Түркістан мен Отырардың ортағасырлық моншаларының макеттерін зерттеді, Өзбекстандағы қолданыстағы моншаларды қарады. Нәтижесінде "Арасан" - ескі мен жаңаның үздік тәжірибесі тоғысқан кешен салынды. Ғимарат қазақи стиль мен модернистік қалыпты үйлестірді.

Жұмыс кестесі

Кешен күн сайын сағат 07.00-ден 23.30-ға дейін жұмыс істейді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная