"Алматы" қонақүйі
Мекенжайы
Қабанбай батыр көшесі, 85.
Несімен қызықты
"Алматы" қонақүйі - сейсмикалық қауіпті аймақтағы ең алғашқы биік ғимарат, жобалау кезінде сол кезеңдегі ең жаңа сәулеттік шешімдер қолданылды. Модернизм стиліндегі ғимарат тартылған садаққа ұқсайды - бұл пішіннің пайда болуына Республика басшысы Дінмұхамед Қонаев ықпал етті, ол қонақүй құрылысымен Панфилов пен Калинин (Қабанбай батыр) көшелерінің бұрышын жабуды ұсынды. Сондай-ақ қонақ үйдің бірінші директоры 1945 жылы Рейхстагта Жеңіс туын көтерген аңыз адам Рахымжан Қошқарбаев болды.
Не қызық бар
"Алматы" - ыстық су және жылумен жабдықтаудың заманауи жүйесі қолданылған республикадағы алғашқы қонақүй, ішкі безендіруіне мәрмәр мен гранит пайдаланылды. Қонақүй кеңестік Қазақстанның жетістіктерін айқын көрсетуге тиіс болатын.
Қонақүйге жаңарту жұмыстары жүргізілгенімен, ол өзінің тарихи келбетін сақтап қалды. Қала орталығындағы 520 орындық заманауи қонақүй әлі де қала символдарының бірі болып қала бермек. Абай атындағы ҚазҰПУға қарсы орналасқан қонақүйде бір кездері Алматының ең беделді мекемесі болған "Есік" мейрамханасы жұмыс істейді, ол жерден ас ішуді кез келгеннің қалтасы көтермейді.
Жақын маңдағы көрікті жерлер
Жанында "Неделька" атақты фонтаны мен режиссер Шәкен Аймановтың ескерткіші бар.