ПОДЕЛИТЬСЯ
Айғайқұм
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалай баруға болады
Алматы қаласынан 300 км жерде "Алтын Емел" ұлттық саябағында орналасқан.
Несімен қызықты
Қазақшаға аударғанда "әнші құм" деген мағына беретін Айғайқұм - "Алтын Емелдің" ең жарқын інжу-маржаны. Бұл таза кварц құмынан жиналған тау. Құрғақ құм желдің әсерінен жылжығанда, миллиондаған ұсақ құм түйірлері бір-біріне үйкеле бастайды да, жай әуенге ұқсас керемет дыбыс шығады. Мұндай ерекше құбылыс жер бетіндегі бірнеше мекенге ғана тән. Айғайқұм осынысымен бірегей.
Не қызық бар
Мұнда құм оркестрінің орындауындағы күйді тыңдау үшін келеді. Құм төбе "ән" салған кезде сол жерде болсаңыз, бұл таңғажайып дыбыс құмды таудан шығып жатқанына сену қиын және бұл қонуға бағыт алған ұшақтың гүрілі тәрізді.
Тағы бір қызығы - оның басына жалаң аяқ шығып, табаныңыздың астындағы дыбысты ести аласыз. Көтерілу қиын емес, ал құм ерекше жұмсақ.
Қай кезде барған дұрыс
Аптап ыстық пен қар жауған мезгілге тап болмайтын көктем және күз айларында барған дұрыс.