Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Наурызбай батыр көшесі, 83.

Несімен қызықты

Алматы қаласында орналасқан әлемдегі жалғыз кәсіби ұйғыр театры. Ол 1920 жылдары ұлттық көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде құрылған. Ұйғыр театры өз халқының өнерін, ұйғыр ақындарының, драматургтері мен жазушыларының шығармаларын белсенді түрде насихаттап келеді.

Репертуары

Спектакльдер ұйғыр тілінде қойылады және қазақ, орыс тілдеріне ілеспе аударма жасалады.  "Назугум", "Аманнисахан" музыкалық драмалары мен "Ай тұтұлған түн" трагедиясы - көрермен көңілінен шыққан шоқтығы биік қойылымдар. Театр репертуарында қазақ драматургиясына да мән берілген. Жазушы Дулат Исабековтің "Мұрагерлер" спектаклі сахналанды.

Театр құрамында труппа әртістерімен қатар, "Рухсара" би ансамблі мен "Нава" фольклорлық ансамблі жұмыс істейді.

Жұмыс кестесі

Театр маусымы қыркүйектен маусым айына дейін жалғасады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная