Реклама
Реклама

Республика сарайы

Мекенжайы

Достық даңғылы, 56.

Несімен қызықты

Алматыдағы Республика сарайы үлкен шатырға ұқсас сәулеттік композициясымен таңғалдырады. Қабырғаларының төбемен ұштасар жері ашық болғандықтан, шатыр еңсесі көкте қалқып тұрғандай әсер береді. Сарайдың негізгі композициялық кіндігіне 3000 орынды көрермендер залы орналасқан. Зал орындары тұтас амфитеатр түрінде шешім тапқан.

Сарай сахнасы өте үлкен (ені - 48 метр және тереңдігі - 18 метр) және оркестрге арналған орын бар, Республика сарайы осынысымен жергілікті және әлемдік әртістерге ұнайды. Сарайда үлкен концерттер жиі өтіп тұрады.

Республика сарайындағы іс-шараларға келушілер үшін буфет, конференц-зал, сұлулық салоны, дыбыс жазу студиясы және гүл дүкені жұмыс істейді.

Жұмыс кестесі

Республика сарайында аптасына бірнеше концерт өтеді, талғамыңызға сай келетінін таңдасаңыз болады. Сондай-ақ суретшілердің көрмелері және басқа да мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылады, олар сарай алдындағы үлкен алаңда өтеді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная