Алматы театры (Almaty Theatre)

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Әл-Фараби даңғылы, 30.

Несімен қызықты

Қазақстанда жаңадан құрылған алғашқы жеке театр. 2022 жылы көрерменге есігін айқара ашқан Almaty Theatre көпфункциялы алаң ретінде танымал. Жалпы ауданы 14 мың шаршы метрлік жаңа театр ғимаратының қасбеті табиғи таспен қапталып, ою-өрнекпен безендірілген. Толқынға ұқсас әсем витраздары көз тартады. Театрдың көрермен залы ағаш панельмен безендірілген және 700 адамға арналған көк-жасыл барқыт орындықтармен жабдықталған.

Репертуары

Театрда гастрольдік концерттер мен қойылымдар жиі ұйымдастырылады, өнер галереясы жұмыс істеп тұр. Театрдың көрерменге классикалық балеттің заманауи нұсқасын ұсынатын кәсіби балет труппасын ерекше атап өткен жөн. Балалар мен ересектерге арналған балет студиясы, мейрамханалар мен кофеханалар бар, сондай-ақ шеберлік сағаттары, тренинг, семинар секілді іс-шаралар жиі өтіп тұрады.

Жұмыс кестесі

Қойылымдар негізінен кешкі сағат 18.00-де басталады. Сондықтан театрға барар алдында кептелісті ескерген жөн.  

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная