Алматы орталық мәдениет және демалыс саябағы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Гоголь көшесі, 1-үй.

Несімен қызықты

Қайықпен серуен құрғанды немесе катамаран тепкенді ұнататындар үшін таптырмас демалыс орны. Су айдынымен қатар, жасыл-желекпен көмкерілген үлкен бақша аймағы бар, сондай-ақ аттракционның алуан түрі орнатылған.  

Саябақтағы ойын-сауық түрлері

Саябақ ойын-сауық түрлерінің көптігімен ерекшеленеді. Аквапарк, дельфинарий, динопарк, арқан паркі, скейт алаңы барлық жастағы келушілердің талғамынан шығары анық. Веложолдар мен стадион ашық аспан астында уақытты белсенді өткізуге мүмкіндік береді.

Аттракциондар саябақтың орталық бөлігінде орналасқан. "Айналма шолу дөңгелегі", "Тізбекті әткеншек", "Билейтін тостағандар", "Қорқыныш бөлмесі" қонақтарға ұнайды, ал адреналин деңгейін көтеруді қалайтындар үшін "Экстрим саябағы" бар.  

Қашан барған дұрыс

Саябақтағы аттракционның көбі сәуірден қазанға дейін жұмыс істейді. Ал қыс мезгілінде саябақтың ерекше атмосферасына мұз айдыны сән бере түседі және суретке түсіргенді ұнататындар үшін ғажап көрінісімен тартымды.  

Аттракциондарға билет құны 400-1100 теңге арасында. 2 жастан жоғары балаларға билет сатып алу қажет. Қонақтардың қауіпсіздігі үшін кейбір аттракциондарда баланың жасы мен бойына қарай шектеу бар.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная