Алматы ботаникалық бағы
Мекенжайы
Тимирязев көшесі, 36-үй.
Несімен қызықты
Бақтың 103,6 га алқабында Қазақстан, Еуропа, Кавказ, Солтүстік Америка және Шығыс Азия флорасының бірегей коллекциясы жинақталған. Туристер үшін Алматыдағы ең танымал орындар тізіміне енген.
Бақтың батыс бөлігіндегі "Еуропа, Қырым және Кавказ" экспозициясында жеміс ағаштары, емендер мен үйеңкілер жайқалып тұр. Ал қылқан жапырақты ағаштарды тамашалағыңыз келсе, бақтың солтүстік-шығыс бөлігінде "Солтүстік Америка" экспозициясы бар. "Шығыс Азия" экспозициясы әдемі гүлді ағаштар мен сәнді бұталардың көптігімен ерекше, сондықтан ерте көктемде бөріқарақат, дейция, вейгела, форзиция, тобылғы, экзохорд, хеномелес және ырғай гүлдейді. Бақтың оңтүстік бөлігінде бұралып өсетін шырмалғыш өсімдіктер топтамасы орналасқан. Сондай-ақ "Жапон бағы" және Альпинарий бар.
Қашан барған дұрыс
Ботаникалық бақ жылдың кез келген уақытында серуендеуге тартымды. Көктемде сіз ағаштар мен бұталардың гүлденуін тамашалап, жазда жасыл орман мен әдемі тоғандардың жанында демаласыз, күзде алтын тәжді ағаштардың астында серуендей аласыз. Қыс мезгіліндегі серуен де өзінше ерекше - Ботаникалық бақтағы иллюминация жарықтары бейне бір сізді ертегі әлеміне тап болғандай күйге бөлейді. Кіру құны 850 теңге, экскурсиялар 1 000 теңгеден басталады.