ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы циркі - Қазақ мемлекеттік циркі
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Абай даңғылы, 50-үй.
Несімен қызықты
Қазақ халқының көшпелі тұрмысындағы жаугершілік, батылдық, ептілік, асау арғымақтарды бағындырып, ат құлағында ойнау өнері ежелден әйгілі болған. Қазақ мемлекеттік циркі ат құлағында ойнайтын епті шабандоздар даярлау мектебінің арқасында әлемге әйгілі болды.
Цирк тарихы
1970 жылы алғаш рет Алматы циркі ұжымы жасақталды. Оның қатарын Мәскеу эстрадалық-цирк училищесін, Саратов және Алматы эстрадалық-цирк студияларының түлектері мен дарынды цирк әртістері толықтырды. Ұжым алғаш рет 1970 жылы 24 маусымда Самарада өнер көрсетіп, бірден бүкілодақтық даңққа ие болды. Бұл дата қазақ ұлттық цирк өнерінің туған күні деп тарихта қалды.
1972 жылы Алматы циркі ерекше архитектурамен салынған "Сиқырлы киіз үй" ғимаратына көшті. Ғимараттың бірегей сәулеті ерекшелігімен көз тартады және қала пейзажымен де үйлеседі.
Тағы нені білу керек
Циркте қызықты бағдарламалардан бөлек, халықаралық фестивальдар үнемі өткізіліп тұрады, сонымен қатар шетелдік әртістер гастрольдік сапарлары өтеді. Циркке 4 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.