Республикалық академиялық неміс драма театры

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Папанин көшесі, 70/1.

Несімен қызықты

Бірегей шығармашылық ұжымнан құрылған неміс театры өз жұмысын 1975 жылы бастады. Алғашында труппа Теміртауда концерт беріп, 1989 жылы Алматыға көшірілді. Қазір бұл неміс диаспорасының ТМД-дағы жалғыз театры.

Репертуары

Театр репертуарында әлемдік классиканың көрнекті туындылары, сондай-ақ үш тілде: неміс, орыс және қазақ тілдерінде орындалатын заманауи пьесалар бар. Театр мәдени мұра мен еуропалық және әлемдік драматургиялық суреттеу құралдарына сүйеніп, өзінің шығармашылығында замануи театралдық дағды мен академизмді үйлестіріп, спектакльдерінің бойына Қазақстанда тұратын халықтардың мәдени және рухани мұрасын қоса өреді.

Еуропа, Азия және ТМД елдерімен қатар, әр аймақтан режиссерлерді тарта отырып, халықаралық байланыс ауқымын кеңейтіп отырады.

Театр репертуарында "Сон в летнюю ночь" классикалық шығармасы, Керстин Шпехттің "Бреющие полеты" (Германия) және неміс тілінде - Бото Штраустың "Финальный хор", сондай-ақ Макс Фриштің "Андорра" туындылары сахналанды.

Театр репертуары қазақ авторларының шығармаларымен толыға түсуде, мысалы Мұхтар Әуезовтің пьесасы бойынша қойылған "Қарагөз" спектаклі бар.

Жұмыс кестесі

Театр маусымы қыркүйектен маусым айына дейін жалғасады, шілде және тамыз айларында театр ұжымы демалыста болады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная