ПОДЕЛИТЬСЯ
Fantasy World Almaty
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Абай даңғылы, 50а/1.
Несімен қызықты
Саябақ балалары бар туристерге де, экскурсиядан кейін демалғысы келетін саяхатшыларға да қолайлы. Мұнда сіз кішкентайларға арналған аттракциондарды (бойы 90 см-ге дейінгі балалар үшін), отбасылық аттракциондарды (ересектер мен ата-аналарымен бірге балалар үшін қолайлы) және бойы 140 см-ден асатын ересектер үшін экстремалды ойын-сауық түрлерін таба аласыз.
Саябақтағы ойын-сауық түрлері
Fantasy World Almaty саябағында 9 экстремалды аттракцион, отбасы мүшелерімен көңіл көтеруге арналған 16 аттракцион және балаларға арналған аттракционның 16 түрі бар. Атап айтқанда, америкалық сырғанақ, Anaconda және "Түймедақ" аттракциондары өте қызықты. Кішкентай сәбилер батут, лабиринт және аласа сырғанақтарды ермек етсе, қалған балалар сырғанақтың алуан түрін (ең қарапайымнан аса жылдам түріне дейін), айналма шолу дөңгелегін, пираттар кемесін және Roller Coaster аттракционын таңдай алады.
Қашан барған дұрыс
Саябақ наурыз бен қазан айы аралығында жұмыс істейді, сондай-ақ саябақ жұмысы ауа райына да байланысты. Мысалы, жаз мезгілінде өткінші жаңбыр жауған күндері саябақ жабылмайды, бірақ кейбір аттракциондар жауын басылғанша жұмысын тоқтатуы мүмкін. Күз мезгіліндегі толассыз жауын-шашын күндері Fantasy World Almaty жұмыс істемейді.
Қалған уақытта саябақ күнбе-күн сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін келушілер үшін ашық. Жаз мезгілінде жұма және сенбі күндері ересектер үшін түнгі сеанстар қосылуы мүмкін (21:00-01:00).