"Сұңқар" сұңқарлар тәлімбағы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Алма-Арасан көшесі, Әл-Фарабиден Алматы-Арасан тас жолының 7-8 шақырымы.

Несімен қызықты

"Сұңқар" сұңқарлар тәлімбағына келушілер "Сұңқарды аңға салу" көрінісін тамашалай алады. Қонақтар жыртқыш құстардың қырағылығы мен шапшаңдығына куә болады. Бүркіт пен қасқырдың айқасуы, аққұйрық бүркіттің суда жүзген балықты тұмсығымен алуы, ал ителгінің әуеде қалықтау шапшаңдығы ешкімді бейжай қалдырмасы анық.

Тәлімбақ Қазақстанның Қызыл кітабына енген ителгі және бүркіт тәрізді құстар түрлерін өсіру және жерсіндіру,табиғи ортада мекендеуге бейімдеу мақсатында ашылды. Тәлімбақта басқа да жыртқыш құстар, соның ішінде лашын, үкі, күшіген, ақсары-көксары, ақсұңқар, сұңқар-бидайық және басқа да түрлері бар.

Тәлімбақтағы ойын-сауық түрлері

Кешенге келушілер сұңқарлар көрінісінен басқа атқа мініп, садақ тартып, мергендігін сынап көре алады. Жүзуді қалайтындар үшін төрт бассейн жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ тәлімбақта 300 адамға арналған самалжайлар мен ағаш жатақтар және үш сауна, екі бар, үш жазғы алаң, тимбилдинг пен басқа да іс-шаралар өкізуге арналған 150 орындық шатырлы аймақ бар. Бассейндердегі судың орташа температурасы 27-29 градус аралығында.

Жұмыс кестесі

Кешен жыл бойы жұмыс істейді, алайда "Сұңқарды аңға салу" көрінісі наурыз - қараша айларында, дүйсенбі және сейсенбіден басқа күндері күнбе-күн сағат17:00-де өтеді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная