Реклама
Реклама

Букреев шыңы

Несімен қызықты

Биіктігі 3 010 метр Букреев шыңы - Іле Алатауы жотасындағы шыңдардың бірі. Шыңға апаратын жол тәжірибелі альпинистер үшін қолайлы. Бірақ бұл өрмелеудің тартымды тұсы бар, өйткені шыңға апаратын жол орманды жоталар мен альпі шалғындары арқылы өтеді, ал шыңнан Талғар таулары мен Кімасар шатқалының әсем көрінісі көз тартады. Қыс мезгілінде шаңғышылар мен сноубордшылар, әсіресе фрирайд әуесқойлары Букреев шыңына жиі көтеріледі.

Шың аты аңызға айналған қазақстандық альпинист Анатолий Букреевтің құрметімен "Букреев шыңы" деп аталады. 2007 жылға дейін "Пионер" деп аталып келді. Альпинист қайтыс болғаннан кейін, шыңға екі ескерткіш тақта орнатылды: біреуіне Букреев есімі, екіншісіне дұға жазылған. Жоғарғы жағына марқұмды еске алу мақсатында соғылатын қоңырау орнатылған.

Қалай баруға болады

Шыңға шығудың ең оңтайлы тәсілдері - Бутаков шатқалы және Кімасар шатқалы арқылы өтетін жол бағыттары. Бутаков шатқалы арқылы жететін жолда сіз "Үміт мүйісі" жартасын тамашалай аласыз. Кімасар шатқалы арқылы серуендеудің де артықшылығы бар. Сол жолда таудағы әткеншек бар, оны көпшілігі біледі деп ойлаймыз. Тіпті кейбірі суретке түсу үшін сол әткеншекке барады. Бірақ қысы-жазы әткеншек маңында суретке түсушілер кезегі азайған емес.

Қашан барған дұрыс

Бұл тау жолының бағыты жылдың кез келген уақытында тартымды, бірақ Алматы ТЖД дауыл туралы алдын ала ескертулеріне назар аударған жөн.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная