Алматыдағы тереңқұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қай жерде

Тереңқұр Достық даңғылындағы "Қазақстан" қонақүйінен басталып, қаланың жоғарғы бөлігінде 4,5 шақырымға дейін жалғасады.

Несімен қызықты

Кіші Алматы өзені бойындағы Тереңқұр - денсаулық соқпағы. Денсаулығына бейжай қарамайтын шымырлардың сүйікті жері 1974 жылы пайда болды. Серуендеуге, жүгіруге, велосипед тебуге өте ыңғайлы. Соқпақтың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен - 1058 метр, ал ең төменгі нүктесі - 876 метр.

Қандай ойын-сауық түрлері бар

Тереңқұр соқпағы бойында демалыс орны өте көп. Жоғарғы бөлігінде үйректер жүзіп жүрген әдемі тоған, воркаут алаңдары, теннис үстелдері мен футбол алаңы бар, ал Әл-Фараби даңғылынан сәл жоғары орналасқан үйлердің бірінің қабырғасында фотосурет үшін пайдалануға болатын ерекше айна орнатылған. Өзен үстіндегі көпірлер де әдемі көріністі сурет түсіруге арналғандай.

Қашан барған дұрыс

Жылдың кез келген мезгілінде Достық көшесі бойымен өтіп, рахаттана серуендеуге және қаланың қарбалас тіршілігінен демалып, сергіп қайтуға болады.