Реклама
Реклама

Кімасар шатқалы

Қалай баруға болады

Медеу мұзайдынына жетпей, сілтеме белгісімен солға бұрылу керек. Содан кейін аңшы үйіне дейін бірнеше шақырымды көлікпен өту немесе  жаяу жүріп бару керек.

Несімен қызықты

Кімасар шатқалы жаяу жүргіншілер үшін таудағы әткеншегімен тартымды. Сондай-ақ Фурманов шыңына осы шатқал арқылы көтерілуге болады. Үлкен Алматының сол сағасы - Кімасар шатқалы тау құдіретімен, саф ауасымен, жылдың төрт мезгілінде өзіндік бояуымен баурайтын көркем табиғатымен сізді тамсандырмақ.

Қандай ойын-сауық түрлері бар

Жаз мезгілінде негізгі тау жорығы және әткеншектерде тербелу ұсынылады. Есіңізде болсын, әткеншек тебуге әрдайым кезекте адам көп, сондықтан жолға таңертең шыққан дұрыс. Жайлы ішкі аңғар - түнеуге және табиғи сейіл құруға тамаша орын. Мұнда атқа мінуге де болады. Қыста жергілікті беткейлер тау шаңғысы, сноуборд және шанамен сырғанау үшін тамаша. Шатқал арқылы басқа қызықты орындарға бірнеше жол бағыттары өтеді.

Қашан барған дұрыс

Жаз мезгілінде шағын сарқырама жанында демалуға болады. Ал қыс мезгілі шаңғы әуесқойлары үшін қызықты. Есіңізде болсын, қыста және жаңбырлы күні шатқалдың жоғарғы бөлігінде жол тайғақ болуы мүмкін. Тауға шықпас бұрын ТЖД хабарламаларын қадағалаңыз.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная