28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы
Мекенжайы
28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ
Несімен қызықты
"Подвиг" (ерлік) деп аталатын сәулет-мүсін ансаблі 1941 жылдың жазында Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясы 1075-полк жауынгерлерінің ерлігін ұлықтайды. Қаһармандар мүсіні Мәскеуде кеудесін жау оғына тосқан өжет кейіпте мыстан қашалып жасалған. Ескерткіштің тастұғырында Василий Клочковтың: "Ұлы Ресей, шегінуге жер жоқ. Артымызда - Мәскеу!" деген әйгілі сөзі жазылған.
Пайда болу тарихы
Мемориал 1975 жылы орнатылды, дәл сол уақытта Мәңгілік алау жағылды. Мемориал Отан үшін ерлікпен қаза тапқан батырлар рухына тағзым ететін орынға айналды.
Жақын маңдағы көрікті жерлер
Мемориалға қарама-қарсы Панфилов дивизиясының ерлігін ұлықтайтын
Әскери-тарихи музей орналасқан. Жанында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі бар. Саябақ ортасындағы бірегей сәулет туындысы - Вознесенск кафедралды соборын тамашалауды ұмытпаңыз.