Реклама
Реклама

Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшесі

Несімен қызықты

Жібек жолы жаяу жүргіншілер аймағы Абылай хан көшесінен Қонаев көшесіне дейін созылып жатыр. Көшенің тарихи, мәдени және саудалық  маңызы бар. Сонау кеңес заманынан бері Жібек жолы жастардың сүйікті орны. Бұл жерде жоғары сән бутиктері мен өнер галереялары, жайлы дәмханалар мен мейрамханалар, сондай-ақ әйгілі рок-музыкант Виктор Цойға арналған қабырға бар.

Пайда болу тарихы

Жібек жолы - Верный қаласының тас төселген алғашқы көшесі. Көшеге тас 1883 жылы төселген. XIX ғасырдың басынан бастап бұл көше қаланың коммерциялық және іскерлік орталығы болып, оның сауда-саттық тіршілігін танытты. Жұмысшылар ереуілдері осы көшеде өтті және Жетісу облысы әскерлерінің штабы мен Жетісу шаруалары газетінің редакциясы да осы көшеде болған. 1961 жылы Жібек жолы көшесінде Қазақ КСР-да тұңғыш рет үлкен сауда орталығы - ОӘД (ЦУМ) салынды, қазір ол "Заңғар" сауда орталығы деп аталады. Ал Қонаев көшесінің арғы жағында "Қызыл таң" мата үйі тұр. Ағаш сәулетінің бірегей ескерткіші мемлекет тарапынан көне әрі құнды жәдігер деп танылған.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная