Дінмұхамед Қонаев мұражай-үйі
Мекенжайы
Төлебаев көшесі, 117-үй.
Несімен қызықты
Музейде Дінмұхамед Қонаев тұлғасы, оның мемлекетті дамытып-өркендетудегі рөлі мен еңбегі, адамгершілік қасиеттері, өмірінің тұрмыстық жағы көрсетілеген.
Пайда болу тарихы
Кешен екі бөліктен тұрады: музей-үй және мемориалдық музей-пәтер. Біріншісі 2002 жылы Қонаевтың 90 жылдығына, ал пәтері 2012 жылы 100 жылдығына орай ашылды. Қазақ КСР басшысы 1969-1993 жылдары пәтерде тұрған.
Мұражай қоры
Музей экспозициясы екі залға бөлінген. Біріншісі балалық және студенттік шағын, сондай-ақ Дінмұхамед Ахмедұлының еңбек жолын қамтиды. Екінші залда саясаткер, ғалым және көрнекті мемлекет қайраткерімен танысамыз. Мұнда үш мыңға жуық экспонат сақталған.
Мемориалды музей-пәтер
Тарихи тұлғаның жұмыс кабинетінің интерьері және басқа да күнделікті өмірде тұтынған заттары Қонаевты тек мемлекет қайреткері ретінде емес, шынайы тұлға ретінде де ашып көрсетеді. Жеке тұтынған заттары: куәліктер, тарихи құжаттар, қалам мен әшекейлі оттықтар жиынтығы, қолдан жасалған түрлі пышақтар, сувенирлер. Сол заманның стилі толық сақталған.
Жұмыс кестесі
Мемориалды пәтерді аралап көргісі келетіндерге сәрсенбі және сенбі күндері баруға кеңес береміз. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - сенбі, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Билет құны - 400 теңге, пәтерді аралау құны - 800 теңге.