Алматы мұражайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Қабанбай батыр көшесі, 132/85-үй.

Несімен қызықты

Верный балалар үйінің бұрынғы ғимаратында орналасқан Алматы мұражайы Қазақстан тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Мұражайда "Ежелгі Алматы тарихы", "Ортағасырдағы Алматы тарихы", "Қазақ мемлекеттігінің бастауында", "Жетісу этнографиясы", "Алматы тарихының Верный кезеңі", "ХХ ғасырдағы Алматы", "Мәдениет пен өнерді дамыту", "Альпинизм тарихы", "Желтоқсан", "Бейбітшілік пен келісім моделі" тәрізді 11 дәуірді қамтитын 40 мыңнан астам экспонат қойылған.

Пайда болу тарихы

Мұражай 2001 жылы құрылып, ұзақ уақыт тұрақты ғимараты болмай, бір жерден екінші жерге көшіп жүрді. 2016 жылы қазіргі мекенжайға тұрақтады. Мұражай ғимаратын сәулетші Павел Гурде XIX ғасырда жобалаған және экспонаттар арасында оның жеке заттары бар. Сондай-ақ атақты сәулетші Андрей Зенков тұтынған заттар, тұтқалы теледидар мен кинокамералар, арифмометрлер және көненің көзіне айналған жиһаздар мен киімдерді де мұражайдан тамашалай аласыз.

Жұмыс кестесі

Мұражай сейсенбі-сенбі күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Билет құны 500 теңгеге дейін.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная