Реклама
Реклама

С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалды мұражай кешені

Мекенжайы

Төлебаев көшесі,125-үй.

Несімен қызықты

Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің дамуына  айрықша ықпал еткен жарқын тұлғалар. Олар өз шығармаларында замандастарының ішкі жан тебіренісімен қатар, әлеуметтік өзгерістер жағдайындағы қоғамдық ойлау эволюциясын да көрсетті. Олардың мұрасы - жай ғана қызықты әңгіме емес, талантты авторлардың қаламынан туып, көркем баяндалған Қазақстанның шынайы тарихы.

Мұражай экспозициясы жазушылардың өмірлік және шығармашылық жолын бейнелейді: олардың жастық шағы, оқу жылдары, әдебиет қайраткері ретінде қалыптасуы, сондай-ақ қоғамдық-саяси белсенділігі көрсетілген. Экспозицияда деректі материалдар, қолжазбалар мен күнделіктері, сондай-ақ 50-ден астам шет тілге аударылған шығармалар жинағы бар.

Мұражайдың мемориалдық бөлігінде жұмыс бөлмесі, кітапхана, қонақ бөлмесі және жатын бөлме орналасқан. Бұл бөлмелердің бәрі сол күйінде сақталған. Ең маңызды жәдігерлердің бірі - қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың бәкісі. Дәл осы үйде Мұқанов Шоқан туралы роман жазған.

Пайда болу тарихы

Кешен Мұқановтың (1978 жылы 21 қарашада ашылған) және Мүсіреповтің (1987 жылы мамырда ашылған) мұражайы негізінде 1999 жылы ашылды. Олардың бала кезгі достығы қаламдас достыққа ұласқан.

Жұмыс кестесі

Кешен сейсенбі-сенбі күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Билет құны - 100 теңге.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная