Есік қорғаны
Қалай баруға болады
Алматыдан Есік қорғанына дейін шамамен 60 шақырым. Құлжа даңғыл жолымен Есік қаласы бағытындағы жолды 1 сағат шамасында жүріп өтуге болады. Новоалексеевка ауылына жетпей оңға бұрылып, тағы 10 шақырым жүрсеңіз, оң жақтан "Есік" мемлекеттік мұражай-қорығын көресіз.
Несімен қызықты
Есік қорғаны - скиф-сақ дәуірінің ең құнды археологиялық ескерткіші және ХХ ғасырдың ең айтулы жаңалықтарының бірі. 1970 жылы қазақ археологтары Қазақстан символының біріне айналған 18 жасар сақ жауынгерінің (Алтын адам) сүйегін тапқан.
Оның қорғаны 40-тан астам үйінді астындағы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Қорғанның диаметрі - 60 метр, биіктігі - 6 метр. Табылған жауынгер "Алтын адам" деп аталды, өйткені оның киімі біздің дәуірімізге дейінгі V-VI ғасырда жасалған 4000-нан астам алтын зергерлік бұйымнан тұрады. Ол сақ-тиграхауд әулетінің өкіліне тиесілі деп саналады.
Қай кезде барған дұрыс
"Есік" мемлекеттік мұражай-қорығына жылдың кез келген мезгілінде баруға болады. Ол күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сапар барасында бірнеше нысанды қамту үшін Талхиз қалашығына және Есік көліне экскурсияларды да жоспарлаған жөн.