«АРТиШОК» театры

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Үлкен сахнасы Гоголь көшесі, 40.

Кіші сахнасы Қонаев көшесі, 49/68.

Несімен қызықты

"ARTиШОК" - Қазақстандағы тұңғыш "авторлық театр". Кәсіби актерлер мен режиссерлер тобы 2001 жылы жаңа театр құрды. Театр өзіндік драматургиясымен өзгелерден ерекше әрі бірегей. Спектакльдер негізінен актерлік импровизация әдісімен өтеді және театр өнеріндегі жаңашыл әдістер қолданылады.

Репертуары

Театр репертуары алуан түрлі және көптеген жанрды қамтиды. Мұнда әлем әдебиеті туындыларына негізделіп жазылған спектакльдер, сондай-ақ заманауи еуропалық, қазақстандық және ресейлік драмалар қойылады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған музыкалық қойылымдар мен көріністер де бар. "Лихорадка субботнего вечера", "Сто лет одиночества", "Во всем виноват Вайнштейн", "Кухонный лифт" және "Зефирный Жора" қойылымдары театр репертуарындағы үздік сектакльдер.

Жұмыс кестесі

Театр қойылымдары кешкі уақытта өтеді. Театр маусымы қыркүйектен шілдеге дейін жалғасады. Қойылымдар кіші және үлкен сахналарда қойылады. 65 адамға шақталған кіші сахна Қонаев көшесіндегі тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқан. 160 адамдық үлкен сахна 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында орналасқан.