ПОДЕЛИТЬСЯ
Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Бөгенбай батыр көшесі, 158.
Несімен қызықты
Корей түбегінен тыс жерде құрылған жалғыз мемлекеттік және әлемдегі ең алғашқы кәсіби корей ұлттық театры. 1932 жылы Владивостокта құрылып, 1968 жылы Алматыға көшірілді. Ал Кореяның Сеулдегі ұлттық театры 1950 жылы құрылған. Қос театр өзара серіктес және әріптестік ынтымақтастық орнатқан.
Репертуары
Театр репертуары негізінен кәріс драматургтерінің және қазақстандық, шетелдік авторлардың шығармаларынан тұрады. Корей тіліндегі қойылымдар ілеспе аудармамен өтеді. Театрда ұлттық өнер жанрлары толық шоғырланған: "Самульнори" фольклорлық-этнографиялық ансамблі, кәріс биі балет труппасы, әншілер және драма труппасы.
Театр репертуарында "Патшайым болу оңай ма" драмасы, ағайынды Хынбу мен Нольбу туралы ертегі және "Хо Гильдонден" спектаклі секілді кәріс ұлттық шығармаларымен қатар, қазақ авторларының туындылары, шетел және орыс классиктерінің шығармалары бар.
Жұмыс кестесі
Театр маусымы қыркүйектен маусым айына дейін жалғасады.