Реклама
Реклама

Алматы мемлекеттік қуыршақ театры

Мекенжайы

Пушкин көшесі, 63. 

Несімен қызықты

Қазақстандағы ең көне қуыршақ театры 1935 жылдан бері жұмыс істейді. Қойылым кезінде интерактив әдісі қолданылады. Кішкентай көрермендер сұрақтарға жауап беріп қоймай, алады, сахнадағы көріністерге қатыса алады.

Репертуары

Театр репертуарында "Ақбайдың керемет оқиғалары", "Ер Төстік", Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен тұратын "Өмір өзен", "Қасқыр мен жеті лақ", "Қаздар мен аққулар" сияқты спектакльдер бар. Балалар әртістермен бірге ән айтып, кейбір сахналық көріністерге, ойындарға қатысады. Сондай-ақ салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды дәріптейтін, өрт қауіпсіздігі мен жол қозғалысы ережелері туралы әңгімелейтін ақпараттық-танымдық қойылымдар бар.

Театрда балаларға арналған шеберлік сабақтары өткізіледі. Балаларға қуыршақтардың пайда болуы туралы орыс және қазақ тілдерінде ертегілер айтылады. Сондай-ақ балалар дизайнер-суретшілермен бірге қуыршақ жасап үйренеді.

Жұмыс кестесі

Спектакльдер қазақ және орыс тілдерінде қойылады. Сағат 11.00-ден басталады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная