Жамбыл Жабаев мұражай кешені
Қалай баруға болады
Алматыдан 70 шақырым жердегі Жамбыл ауылы. Жамбыл көшесі, 28.
Несімен қызықты
Жамбыл Жабаев - аты аңызға айналған қазақ ақыны, ол "Қадырбайдың иті", "Зілді бұйрық", "Жүз жасаған жүректен", "Қамал бұзған қаһарман", "Бесік жыры" тәрізді жүздеген лирикалық, тұрмыстық, әлеуметтік-сатиралық әндердің, қаһармандық өлеңдер мен ертегілердің және де Ұлы Отан соғысы кезіндегі қоршаудағы Ленинградқа арналған "Ленинградтық өренім" жырының авторы.
Жамбыл Жабаев 1945 жылы 22 маусымда өзінің 100 жылдық мерейтойына бірнеше ай қалғанда дүниеден озды. Екі жылдан кейін 1936-1945 жылдары ақын тұрған үй әдеби-мемориалдық мұражай ретінде ашылды.
Мұражай қоры
Кешен ақынның өзі тұрған үй, гаражы мен автокөлігі, бақ және әкімшілік ғимараттан тұрады. Кешені аумағындағы бақта (ақын өз қолымен өсірген) Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің эскиздері бойынша сәулетші Александр Белоцерковский жобалаған Жамбыл Жабаев кесенесі орналасқан. Кесене ақ мәрмәрдан қойылған. Жанашыр жандардың күш-жігерінің арқасында көрнекті ақынға тиесілі көптеген жәдігер сақталған.
Жұмыс кестесі
Мұражай жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Мұражайға 28 ақпан - ақынның туған күнінде Жамбыл шығармашылығының жүздеген жанкүйері жиналады. Сол ауылда атақты қазақ композиторы, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиев жерленгенін айтып өткен жөн, ол өзін Жамбыл кесенесінің жанына жерлеуді өтінген.