Реклама
Реклама

Мұхтар Әуезов мұражай-үйі

Мекенжайы

Төлебаев көшесі,185-үй.

Несімен қызықты

Мұхтар Әуезов - көрнекті қазақ жазушысы, драматург және ғалым. Ол - қазақ және қырғыз әдебиеті мен фольклорының тарихы бойынша новеллалар мен монографиялық зерттеулердің авторы. Оның шығармашылық жолындағы ерекше туындысы - жазушыға әлемдік даңқ әкелген "Абай жолы" төрт томдық роман-эпопеясы.

Төлебаев көшесінің бойындағы бұл үйде Мұхтар Әуезов 1951 жылдан 1961 жылға дейін өмірінің соңғы он жылын өткізді.

Мұражай қоры
Экспозиция 11 залда орналасқан, келушілер Мұхтар Әуезовтің өмір жолымен және шығармашылық мұрасымен танысады. Мұражай қорында 150 мыңнан астам бірегей экспонат, фотоматериал мен мұрағаттық құжат, естелік зат, сонымен қатар өнер туындысы бар. Жеке үй-жайда Әуезов кабинеті қайта жасақталды, келушілер ұлы жазушының кітапханасын, сондай-ақ оның жеке мұрағатын тамашалай алады.

Экспозицияға КСРО Халық суретшісі Е.Вучетичтің жұмыстары, Қазақстан халық суретшілері Ә.Қастеев, К.Телжанов, С.Мамбеев, Н.Нұрмұхамедов салған Әуезов портреттері, Е.Сидоркиннің "Абай жолы" романына жасалған графикалық иллюстрациялар, сондай-ақ белгілі суретшілер Г.Исмаилованың, А.Ненашевтың және Э.Чарномскийдің  Әуезов пьесаларына әзірлеген декорациялары мен костюмдерінің эскиздері қойылған.

Жұмыс кестесі

Мұражай сейсенбі-сенбі аралығында сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін жұмыс істейді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная