ПОДЕЛИТЬСЯ
Nomad Ethnic Centre этноорталығы
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалай баруға болады
Алматыдан Ташкент даңғыл жолымен (А-2) қозғалу керек, Шамалған ауылы бағытына солға қарай бұрылу керек. Жібек Жолы ауылының басты көшесімен жүрсеңіз, спорт мектебіне жетпей солға бұрыласыз. Әлжан көшесіне жеткеннен кейін оңға бұрылып, этноорталыққа дейін шамамен 3,3 шақырым тура жүресіз.
Несімен қызықты
Этноорталық ашық аспан астындағы музей деп те аталады. Бұл орталыққа Қазақстан тарихымен және қазақ жерін мекендеген көшпелілер тарихымен танысуға ниетті жандар келеді.
Не қызық бар
Мұнда сіздің әскери сауыт киіп, атқа мініп, садақ атасыз. Өз қолыңызбен қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, киізден бұйым жасап көресіз. Шеберлік сабақтары халық шығармашылығының бар қырын қамтиды: келушілер қазақтардың киіз үйді қалай жасағанын, қыш, зергерлік және темір ұстасы өнерін қалай дамытқанын біле алады. Келушілер назарына импровизацияланған шайқастарды тамашалау ұсынылады. Қаласаңыз, атпен серуенге шығасыз немесе Үшқоңыр үстіртімен қазақтың дархан даласының кеңдігіне көз жеткізесіз.
Жұмыс кестесі
Этноорталық жыл бойы сейсенбіден жексенбіге дейін жұмыс істейді. Сапарыңызды сол жерде ұйымдастырылатын фестивальдерге орайластырып жоспарлаңыз, дегенмен басқа уақытта да сіз дәстүрлі мәдениет аясындағы демалыстан рухани күш алып қайтасыз.