Реклама
Реклама

"Ғұндар" этно-ауылы

Қалай баруға болады

Алматы облысы, Рысқұлов ауылы, Солдат шатқалы көшесі, 5. Алматыдан 53 шақырым қашықта, Талғардан кейін орналасқан. Алматыдағы "Спорт сарайы" аялдамасынан жүретін № 224 автобуспен баруға болады.

Несімен қызықты

Мұнда Іле Алатауының әсем көрінісін тамашалай отырып, қазақ халқының мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысуға болады. Қонақтарды қабылдауға арналған киіз үй стиліндегі үйлер қажетті заттармен: кондиционер, санитарлық тораптар, жылу жүйесімен жабдықталған.

Қандай ойын-сауық түрлері бар

Этнокешен түрлі ойын-сауық бағдарламасымен, соның ішінде шабандоздық өнері, атқа міну, ат спорты ойындары, велосипед тебу, садақ атумен тартымды. Қыста кешенде қысқы ойын-сауық әуесқойлары үшін бугельді көтергіш сырғанақтар да жұмыс істейді.

Қонақтарды ән мен жырдан шашу шашып қарсы алады, олардың назарына  дәстүрлі ойындар мен әдет-ғұрыптарды сахналайтын думанды мереке ұсынылады. Бағдарламада ұлттық билер және алтыбақанда тербелу бар. Егер қаласаңыз, моншаға түсуге болады.

Жұмыс кестесі

Кешен жыл бойы жұмыс істейді. Салтанатты кездесу бағдарламасы белгілі бір күндерде өткізіледі, оған алдын-ала жазылу керек. Қыс мезгілінде мұнда жақын маңдағы "Ақбұлақ" базасында демалуға болады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная