ПОДЕЛИТЬСЯ
Молодежный шыңы
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалай баруға болады
Қаладан Дулати көшесі бойымен "Альпийская роза" қонақүйіне жетіп, сол жерден тауға өрмелеуді бастауға болады. Ал жорықтың өзін шыңның етегінде түнеу арқылы екі кезеңге бөлген дұрыс.
Несімен қызықты
Кіші Алматы шатқалында теңіз деңгейінен 4147 метр биікте орналасқан желпуіш тәрізді мұзды сілем. Мұздықтың ұзындығы 2500 метрден асады. Биіктігі 4147 метрлік шың төбесінде мәңгілік қар басқан және бұл шың фрирайдерлер мен альпинистер арасында өте танымал. Туристер де қажетті құрал-сайманын сайлап алып, өз бағын сынай алады. Бұл жорық үшін арнайы альпинистік жабдықтың қажеті жоқ, тау сонысымен көпшілікке тартымды.
Шың басында қалам мен Молодежный шыңы бейнеленген "борттық" журнал сақталған қызыл қорап бар. Мұнда өз жазбаңызды қалдыруға болады. Қораптан тәтті-кәмпиттерді табуға болады, бұл шыңды бағындырушылардың келесілерге қалдырған сыйы мен сәлемдемесі.
Не қызық бар
Жол бойы әдемі шатқалдар мен шыңдар, мұздықтар мен мореналық көлдер кезігеді. Шыңның биік нүктесі - жазық үстірт. Ұшар биіктен асқар таулардың айбарын анық сезінуге болады.
Қай кезде барған дұрыс
Сапарға шығу жылдың барлық мезгілінде қолжетімді, дегенмен тәжірибелі жол бастаушымен және алдын ала дайындықтан өткеннен кейін шыққан жөн.