Шоқан Уәлиханов ескерткіші
Мекенжайы
Шевченко, Пушкин, Жамбыл және Қонаев көшелерінің аумағы.
Несімен қызықты
Шоқан Уәлиханов - тұңғыш қазақ ғалым-ағартушысы. Оның Орталық Азия мен Шығыс Түркістанды зерттеуші ретіндегі ғылыми жетістіктері әлемдік деңгейде танылды. Шоқан Уәлиханов небәрі 30 жыл өмір сүріп, 1865 жылы қайтыс болды, бірақ оның еңбектері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихын, географиясы мен этнографиясын зерттеумен айналысатын ғалымдар үшін әдебиеттің ажырамас бөлігіне айналды.
Не тамашалауға болады
8 метрлік (тұғырын есептегенде) мүсін фонтан мен мәрмәр орындықтары бар шағын алаңның ортасында бой көтерді. Тұғырға қазақтың ұлттық ою-өрнегі мен бейнелері қашалған. Бүйірі әшекейлі тақтайшалармен қапталған. Ескерткішке қарсы бетте Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы орналасқан.
Қай кезде барған дұрыс
Бұл жердің атмосферасына еніп, Шоқан Уәлихановтың бай мұрасымен жылдың кез келген уақытында танысуға болады. Қалалық іс-шаралар кезінде ең көп адам жиналатын алаң, өйткені Ғылым академиясының алдындағы алаңда жәрмеңкелер мен басқа да іс-шаралар жиі өтеді.