Кеңес ескерткіштері саябағы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Алтынсарин көшесі, 24а. "Сарыарқа" кинотеатрының арты.

Несімен қызықты

Бұл жер бір дәуір көрінісі. Мұнда Жетісуда Кеңес өкіметін орнату үшін күрескендердің,  Павел Виноградов пен Дмитрий Фурмановтың бюсті, посткеңестік дәуірде тұғырынан тайған Владимир Ленин, Михаил Фрунзе, Максим Горький, Михаил Калинин ескерткіштері "жер аударылды". Бұл орын Қазақстанның сол замандағы тарихымен танысқысы келетіндер үшін қызықты.

Не қызық бар

Бұл саябақ қаланың әр түкпірінде тұрған, кейін керексіз боп қалған ескерткіштерді көшіру тарихымен қызықты. Кіре берісте сізді бір кездері "Алматы-2" вокзалына қойылған, содан кейін Әуезов ауданындағы саябақтан орын тепкен, сондай-ақ "Сарыарқа" алаңына көшірілген Калинин ескерткіші де тұр.

Ленин ескерткіші бұл жерге "Астана" алаңынан көшіп келді. Жетісуда кеңес өкіметін орнату үшін күрескендерге арналған ескерткіш Райымбек батыр даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан көшірілді. Михаил Фрунзе ескерткіші бұрын Қабанбай батыр көшесіндегі скверде тұрған. Павел Виноградовтың бюсті бұрын Қарасай Батырдың бойында болған. Максим Горький ескерткіші орталық демалыс саябағынан көшіп келді. Фурмановтың бюсті Назарбаев даңғылынан көшірілді.

Қай кезде барған дұрыс

"Сарыарқа" алаңына жылдың кез келген мезгілінде баруға болады, бірақ бұл жердің ерекше атмосферасын сезіну үшін кешкі уақытта барған дұрыс. 

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная