Махатма Ганди ескерткіші
Мекенжайы
Шевченко, Жароков, Жамбыл және Гагарин көшелері аумағы.
Несімен қызықты
Үндістан тәуелсіздігі қозғалысының идеологы, саясаткер Махатма Гандиге арналған ескерткіш 2003 жылы Алматыда орнатылды. Ашылу салтанатына Гандидің немере қызы - Сумитра Кулкарни қатысты. Мүсін 1988 жылы 8 шілдеде Индира Ганди алаңында ашылған Махатма Гандидің Мәскеудегі ескерткішінің көшірмесі.
Не тамашалауға болады
Ескерткіш Махатма Ганди мүсіндері үшін дәстүрге айналған стильде соғылған: дәруіш киіміндегі Ганди таяғына сүйеніп, алшақ қадамдармен жүріп келе жатыр. Бұл бейне Гандидің жоғары рухани аскетизмін, оның шындықты іздеудегі адалдығын бейнелейді.
Ескерткіш мағындағы саябақ жаяу серуендеуге немесе велосипедпен жүруге қолайлы. Ойын алаңдары, спорттық жабдықтар, волейбол алаңы бар. Ганди саябағы Төле бидегі АЗТМ саябағынан басталып, Ораз Жандосов ескерткішіне дейін созылатын Гагарин көшесі бойындағы кең жаяу алаңның бір бөлігі. Серуендеу кезінде Абай мен Гагарин қиылысындағы орындықтағы ғарышкер мүсінінің қасында суретке түсуге болады. Жақын жерде би театры мен "Жас сахна" театры орналасқан.
Қай кезде барған дұрыс
Саябаққа жылдың кез келген мезгілінде баруға болады.