Samal Resort & SPA. Аты айтып тұрғандай, қонақүйде жабық бассейн, хош иісті бу моншасы және гидромассажды ванна сияқты әртүрлі спа қызметтері ұсынылады. Қонақүй нөмірлерінде кабельді теледидар және тегін Wi-Fi бар. Шипажайға келушілер мейрамханада түскі ас ішіп, шығыс және еуропа тағамдарынан дәм тата алады. Қонақүй "Медеу" биік таулы спорт кешеніне жақын орналасқан, ол әсіресе белсенді демалысты қалайтындарға ұнайды. Booking-те қонақүйдің рейтингі - 10-нан 9 балл.
Samal Resort & SPA. Сурет Booking.com сайтынан
Ritz-Carlton. Бұл сәнді бесжұлдызды қонақүй қонақтарын жазық экранды теледидарлары, кондиционерлері мен тропикалық душты мәрмәр ванналары бар ыңғайлы және ықшам демалыс бөлмелері күтеді. Қонақүй "Медеу" маңында орналасқан. Ritz-Carlton қонақтары Seven мейрамханасында түскі ас ішіп, Sky лаунджда сусындар іше алады. Сондай-ақ қонақүйде бірнеше басқа да мейрамхана бар. Қонақүй қала орталығынан көлікпен 10 минуттық жерде, сонымен қатар Шымбұлақ тау шаңғысы курортынан жарты сағаттық жерде орналасқан. Booking-те қонақүйдің рейтингі - 10-нан 9,1 балл.
Ritz-Carlton. Сурет Booking.com сайтынан
Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty. Қонақүйде қонақтарға барлық жағдай жасалған: тегін автотұрақ, фитнес залы, бар, сауна және гидромассажды ванна. Сондай-ақ жеңіл тамақ ұсынылатын жеке бар және іскерлік орталығы бар. Қонақүйге келушілер бөлмелерде кондиционерді, жазу үстелін, шәйнекті, мини-барды және сейфті пайдалана алады. Қонақүй Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа өте жақын орналасқан. Booking-те қонақүйдің рейтингі - 10-нан 9,1 балл.
Swissôtel Wellness Resort Alatau Almaty. Сурет Booking.com сайтынан
L.E.S. Ыңғайлы қонақүйге келушілерді жеке автотұрақ, тегін Wi-Fi және лаундж аймағы қуантады. Бұл қонақүй жұмыс істеу үшін өте қолайлы, өйткені тегін ғаламтормен қатар, әр нөмірде жұмыс істеуге арналған ноутбук пен кофе машинасы бар. Туристерге өте жайлы жағдай жасалған - қонақүйдің ыңғайлы орналасуының арқасында қонақтар қаланың ең танымал көрікті жерлеріне тез жете алады: Алматының орталық стадионы - 2,4 км, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы - 2,7 км және 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ - 2,9 км. Booking-те қонақүйдің рейтингі - 10-нан 9,8 балл.
L.E.S. Сурет Booking.com сайтынан