Реклама
Реклама

Алматы маңындағы қазақша стильдегі үздік қонақүйлер

Фото: instagram.com/yurta_shymbulak

Алматы - Орталық Азиядағы ең космополиттік қалалардың бірі. Сондықтан туристер қызығушылығын тудыратын ұлттық стильдегі мекемелер өте көп. Бұл мақалада біз қазақша стильде безендірілген Алматыдағы үздік қонақүйлер туралы айтамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Орталық Азиядағы ең космополиттік қалалардың бірі. Сондықтан туристер қызығушылығын тудыратын ұлттық стильдегі мекемелер өте көп. Бұл мақалада біз қазақша стильде безендірілген Алматыдағы үздік қонақүйлер туралы айтамыз.

"Ғұндар" этноауылы

Алматыдан 53 км қашықта, Талғардан кейін орналасқан. Мұнда Іле Алатауының әсем көрінісін тамашалай отырып, қазақ халқының мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысуға болады. Қонақтарды қабылдауға арналған киіз үй стиліндегі үйлер қажетті заттармен: кондиционер, санитарлық тораптар, жылу жүйесімен жабдықталған.

Реклама
Реклама

Қонақтар атқа мініп, ұлттық ойындарға қатысып, садақ атып, көшпенділер әлемімен жақынырақ таныса түседі. Сондай-ақ театрландырылған қойылымдарды тамашалап, алтыбақан әткеншегінде тербеле алады.

Этноцентр Nomad

Алматыдан Шамалған ауылына қарай 50 шақырым жерде, Үшқоңыр тауының етегінде орналасқан көшпелі халықтардың мəдени мұрасын сақтап, кеңінен таратуды мақсат еткен Nomad Ethnic Centre орталығы бүгінде еліміздегі ең жарқын шаралардың біріне айналды. Оның басты ерекшелігі - түрлі елден келетін туристер негізгі бағдарламаларынан бөлек, қазақтың көшпенді өмірімен, салт-дәстүрімен танысады.

Этноорталықтағы туристер тұратын киіз үйлердің сапасына аса мән берілген, жалпы келушілер назарына ұсынылатын заттар мен ұлттық дәстүрлер шеберлердің қолымен тарихи шындыққа сәйкестендіріліп жасалған.

Қонақтарға бешбармақ, қуырдақ, қазақша ет, қарын бүрме секілді ұлттық тағамның 50-ге жуық түрі ұсынылады. Аспаздар ас әзірлеу барысында ұлттық тағам әзірлеу құпиясын келушілермен бөліседі, сонымен қатар шеберлік сабақтарын өткізеді.

Келушілер бұл жерде қазақтардың ежелгі заманғы шайқастарынан экспромт көрініс тамашалап, садақ ату өнері, сақ, үйсін, қаңлылардың қылыштасудағы түрлі әдістері, атқа міну мәдениетімен танысады. Үшқоңыр үстіртіндегі серуен тамылжыған табиғат көрінісімен әркімнің есінде қалары сөзсіз.

Resort ауылы

Алматыдан 36 км жерде, Шамалған жақта орналасқан. Мұнда заманауи жабдықталған 11 киіз үй бар. Демалыс аймағына жақын маңда марал және форель шаруашылығы орналасқан. Қонақтар атпен серуендеп, монша, бассейнде демала алады. Туристерге қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылады.

Орман ауылы

Алты киіз үйден тұратын шағын ауыл Oi-Qaragai Lesnaya Skazka кешенінде орналасқан. Киіз үйлер таза экологиялық материалдардан жасалған және қонақтарға жайлы демалыс ұсыну мақсатында заманауи үлгіде жабдықталған, киіз үйдің едендері арнайы құрылғымен жылытылады.

Кешен аумағындағы киіз үй стиліндегі "Ақ ауыл" мейрамханасынан қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады. Бір мезетте 200 мың қонақты қабылдай алатын Орталық Азиядағы ең үлкен киіз үйдің диаметрі - 20 метр.

"Шымбұлақ" киіз үйі

Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктегі лагерь. "Шымбұлақ" курортында орналасқан және киіз үйде демалуға, тамақтануға және түнеуге болатын Қазақстандағы ең биік орын. Бұл жердегідей табиғат көрінісін еш жерден тамашалай алмайсыз, күндіз табиғаттың әсемдігіне тамсансаңыз, айлы түнде жұлдызды аспан, жым-жырт тыныштық сізді тылсым әлемге әкеткендей сезімді бастан кешіресіз.

Көлсай көліне келушілер үшін де киіз үйлер орнатылған. Жалпы, Алматыда бос уақытын қазақ мәдениетін егжей-тегжейлі зерделеуге арнағысы келетіндер үшін баратын орын көп.

Басқа да көптеген қонақүйді сіз Visit Almaty сайтынан көре аласыз.

Показать комментарии
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная