ПОДЕЛИТЬСЯ
Тау көріністерімен: Алматы маңындағы үздік қонақүйлер
Tenir Eco Hotel. Фото Booking.com сайтынан
Алматыда мегаполистің кез келген нүктесінен таулы шыңдардың айбарлы да әсем көрінісін тамашалауға болады. Өз қызығушылығыңызға қарай, қала шегіндегі қонақүйді таңдауыңызға немесе тауда орналасқан қонақүйде тұруыңызға болады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда мегаполистің кез келген нүктесінен таулы шыңдардың айбарлы да әсем көрінісін тамашалауға болады. Өз қызығушылығыңызға қарай, қала шегіндегі қонақүйді таңдауыңызға немесе тауда орналасқан қонақүйде тұруыңызға болады.
"Эдельвейс"
Мекенжайы: Горная көшесі, 548 в.
Қонақүй қала орталығынан 10 минуттық жерде және "Медеу" спорт кешенінен де дәл сондай қашықта орналасқан. Тауда орналасқан 21 бөлмесі бар қонақүйдің терезелерінен Іле Алатауының әсем көрінісі көз тартады. Мейрамхана еуропа тағамдарын ұсынады. Бұл табиғатта демалғысы, сонымен қатар қаланың негізгі көрікті жерлеріне жақын болғысы келетін саяхатшылар үшін өте қолайлы.
Sunkar
Мекенжайы: Арасан көшесі, 7.
Қонақүй Алматы-Арасан шатқалына, Үлкен Алматы көліне және Көк Жайлауға барар жолда орналасқан. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент саябағына дейін небәрі 10 шақырым және ботаникалық баққа дейін 12 шақырым. Бұл жайлы 16 бөлмесі бар жекежай. Қонақүйдің өз мейрамханасы бар.
"Свежесть"(Балғындық)
Мекенжайы: Хан тәңірі ш.а., Свежесть көшесі, 33.
Sunkar-мен бір ауданда орналасқан. Сіздердің назарарыңызға ұсынып отырған ең кішкентай қонақүй – небәрі 5 бөлмеден тұрады, бірақ келушілер бұл жердің жайлы атмосферасын мақтайды. Мұнда табиғатты тамашалауға және далада шай ішуге болады, бассейн мен ағашпен жылытылатын моншасы бар. Ортақ ас үйі бар, көрші мейрамханаларда түскі ас ішуге болады.
Country Village Resort
Мекенжайы: Ақсай шатқалы көшесі, 1
Қонақүй Ақсай шатқалында таулы жерде орналасқан. Қонақтарға ағаштан жасалған 15 саяжай үйінің бірінде тұру ұсынылады. Мұнда төрт мейрамхана мен әртүрлі типтегі монша бар. Атқа мініп серуендеуге болады, кешен аумағында шағын өзен ағып жатыр.
"Шымбұлақ" қонақүйлері
"Шымбұлақ" таушаңғы курортында бірнеше қонақүй бар, туристер уақыт үнемдеу үшін осы қонақүйлерді таңдайды. Таңертең ертемен шаңғы тебуге кіріседі. Shymbulak Resort Hotel теңіз деңгейінен 2 260 метр биікте, "Медеу-Шымбұлақ" гондола жолына және Combi-1 отырғышы бар арқанды жолға жақын орналасқан.
S. N. e. G қонақүйі 2850 метр биікте және Combi 1 жолының ең жоғарғы нүктесіне жақын орналасқан. Қонақүй кешенінде жайлы 6 бөлме бар және еуропалық тағамдар ұсынатын мейрамхана бар. Ауа-райы ашық және жылы кездері ашық терассада демалып, суық күндері моншада қыздырынуға болады.
Сондай-ақ, "Шымбұлақ" курортына келушілер 4 жатын бөлмесі бар Rifugio Verde вилласында немесе 3 200 метр биіктікте орналасқан Қазақстанның ең биік таулы Tenir Eco Hotel қонақүйінде тұра алады.