Турист Алматыда қонақүйді қалай таңдаса болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Георгия Трофимова/Unsplash Фото: Георгия Трофимова/Unsplash

Алматы қаласы Қазақстандағы туристер үшін ең танымал бағыт екені бекер емес. Жыл сайын жүздеген мың саяхатшы қаланың табиғи және мәдени көрікті жерлерін тамашалуға келеді. Алматыдағы демалысыңыз сіз қалағандай, жағымды әсер қалдыруы үшін жақсы қонақүйден алдын ала бөлме брондау өте маңызды. Жергілікті ерекшеліктерді ескеру қажет және осыған сүйене отырып, дұрыс таңдау жасаған жөн.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Қазақстандағы туристер үшін ең танымал бағыт екені бекер емес. Жыл сайын жүздеген мың саяхатшы қаланың табиғи және мәдени көрікті жерлерін тамашалуға келеді. Алматыдағы демалысыңыз сіз қалағандай, жағымды әсер қалдыруы үшін жақсы қонақүйден алдын ала бөлме брондау өте маңызды. Жергілікті ерекшеліктерді ескеру қажет және осыған сүйене отырып, дұрыс таңдау жасаған жөн.

Бюджет

Қонақүйді таңдамас бұрын, сіз қонақүйге және қосымша қызметтерге қанша ақша жұмсауға дайын екеніңізді түсінуіңіз керек. Тұру бағасына, мысалы, таңғы ас, Wi-Fi және жалға берілетін көлікке арналған автотұрақ кіруі мүмкін. Қымбатырақ қонақүйлер спортзал, бассейн, спа-салон және т.б. қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Алматыда қонақүйде тұру құны қаланың орталық, шығыс және оңтүстік бөлігінде (жоғарғы) – қымбат, батыс және солтүстік бөлігінде (төменгі) – арзанырақ.

Көрікті жерлерге жақындық

Қалада демалуды ұнататын туристерге орталықтағы қонақүйлердің бірін таңдағаны жөн. Бұл жағдайда сіз Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа немесе А.Қастеев мұражайы сияқты көптеген көрікті жерлерге оңай жете аласыз. Ал белсенді демалыс пен тауда серуендеуді ұнататындар үшін Іле Алатауы жотасына, "Медеу" биік таулы мұз айдынына жақын қаланың жоғарғы жақ бөлігіндегі қонақүйлер қолайлы.

Терезеден көрініс

Саяхатқа шыққанда біз әдеттегі қаланың күйбең тірлігі мен күнделікті көз алдымыздағы пейзаждардан демалғымыз келеді. Алматы қаланың оңтүстігіндегі Іле Алатауының етегінде орналасқандықтан кейбір терезелерден таулардың әдемі көрінісін тамашалауға болады. Сондықтан қонақүй бөлмесінің терезесіндегі көрініс сіздің қалауыңызға сәйкес келе ме: терезелер оңтүстікке, не болмаса Көктөбе тауымен аттас телемұнара орналасқан оңтүстік-шығысқа қарай ма, соны ескеру маңызды. Ал мегаполистің батыс және солтүстік жағынан сіз тек қала пейзажын тамашалай аласыз.

Көлікке қолжетімділік

Егер турист қаланы өз бетінше аралағысы келсе, қонақүйдің метро станциясына, автобус аялдамасына және көлікті жалға беру пунктіне жақын болуы аса маңызды. Алматыда көлік инфрақұрылымы дамыған: метро, автобус пен троллейбус түріндегі қоғамдық көліктер бар, сондай-ақ велосипед, скутер және автокөлікті жалға алуға болады. Егер сіз, мысалы, метромен жүруді қаласаңыз, онда Алматыда метро желісі әзірге біреу екенін ескеру қажет. Ол Райымбек пен Назарбаев даңғылдарының қиылысынан басталып, оңтүстікке қарай Абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай Момышұлы көшесіне дейін созылып жатыр.

Пікірлер

Қонақүйлер туралы туристердің танымал брондау сайттарындағы немесе саяхат платформаларындағы пікірлеріне, әсіресе теріс пікірлеріне назар аударыңыз. Бірақ қонақтың қандай баға бергенін емес, қонақүйге қандай мақсатта тоқтағанын да ескеріңіз. Мысалы, балалары бар отбасылық жұптарға тыныш әрі жайлы қонақүй қолайлы болса, керісінше кешкі сейілді ұнататын әуесқойлардың көңілінен шықпауы мүмкін.