Алматы көрінісін қай жерден тамашалай аласыз: Көктөбе аспалы жолы мен "Медеу" - "Шымбұлақ"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - көкке бой созған асқақ таулардың етегіндегі мегаполис. Әсем қаланың көрікті көрінісіне тамсанудың бір жолы - Көктөбе және Медеу - Шымбұлақ аспалы жолдарымен жүріп өту.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - көкке бой созған асқақ таулардың етегіндегі мегаполис. Әсем қаланың көрікті көрінісіне тамсанудың бір жолы - Көктөбе және Медеу - Шымбұлақ аспалы жолдарымен жүріп өту.

Көктөбе
Мекенжайы: Достық даңғылы, 104 б.

Алматының шығыс бөлігінде теңіз деңгейінен 1100 метрден астам биікте орналасқан Көктөбеден қаланың ғажап көрінісіне тамсанасыз. Көктөбе аспалы жолы сізге Алматыны жоғарыдан тамашалауға мүмкіндік береді. Аспалы жолмен зырғитын заманауи кабиналар сізді тау басына 6 минутта жеткізеді. Осы уақыт ішінде фуникуляр 1620 метрді жүріп өтеді және Алматы сіздің алақаныңызда тұрғандай әсер аласыз: жеке үйлер мен көкке бой созған биік ғимараттар қаз-қатар орналасқан. Ал түнгі қала көрінісі, тіптен керемет, мегаполистің миллиондаған шамы аспандағы жұлдыздармен қоса жарқыраған кезде, өзіңізді тылсым ғаламға тап болғандай сезінесіз.

Көктөбе - Алматы көрінісін биіктен тамашалайтын орын ғана емес, бүкіл отбасымен бірге уақыт өткізуге арналған ойын-сауық орталығы. Мұнда сіз мейрамханалар, аттракциондар, ойын алаңдары мен кәдесый дүкендерін таба аласыз. Сондай-ақ төбеде телемұнара бар. Ол Қазақстандағы ең көрікті және ерекше нысанның бірі.

"Медеу" - "Шымбұлақ"

Бұл бірегей көлік бағыты аса танымал қос көрікті жер - "Шымбұлақ" таушаңғысы курортын және "Медеу" спорт кешенін біріктіреді. Шымбұлаққа жетудің ең жылдам жолы - аспалы жол, ал аспалы жолмен жүруге қорықсаңыз, экоавтобустар мен экотаксиді пайдалануға болады.

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Оның ұзындығы - 4,5 км. Теңіз деңгейінен 1691 метр биіктен шаңғы трассасына (Шымбұлақтағы аспалы жолдардың төменгі деңгейі 2260 метр биікте) шамамен 18 минутта көтерілесіз. Аспалы жол желісінде сегіз адамға дейін мінуге болатын 115 кабина бар. Шымбұлаққа көтерілу кезінде "Медеу", сел бөгеті, орман мен альпі шалғыны бар әдемі тау шыңдарын тамашалай аласыз.

Қыс мезгілінде аспалы жолды пайдаланушылар саны арта түседі. Себебі "Шымбұлақ" таушаңғысын ермек еткендерді де, кәсіп еткендерді де өзінің тамаша еңістері және қалың қарымен баурайды. Аспалы жолдағы кабинкалар шаңғы мен сноубордқа арналған тіректермен жабдықталған. Қыс мезгілінде, әсіресе таңертең және кешке аспалы жолды пайдалану үшін біраз уақытыңызды кезек күтуге жұмсауыңыз мүмкін.

Медеу мекені жасыл желекке оранып, қалада ауа температурасы қыза түскен жаз мезгілінде де Шымбұлаққа шығып көріңіз. Бұл мезгілде туристер Шымбұлақ шипажайының жоғарғы жағына көтеріле алады (ол үшін Медеу - Шымбұлақ аспалы жолымен көтерілгеннен кейін Комби-1 және Комби-2 канатты жолын пайдалану қажет болады). Аспалы жолдың ең биік деңгейіне көтеріліп, жаз мезгілінде қардан аққала қалап ойнауыңызға болады.

Көктөбе және Шымбұлақ - Медеу аспалы жолдарымен жүруп өту Алматының тамылжыған сұлу табиғатына тамсануға керемет мүмкіндік береді. Бұл екі бағыт шытырман оқиғаларға толы, сондай-ақ сізді спортпен шұғылдануға, сейіл құруға және таудың саф ауасымен демалып, жай ғана ғажап көріністі тамашалауға шақырады.