Реклама
Реклама

Алматы таушаңғы курорттары: сырғанауға арналған үздік жолдар

Фото Visit Almaty

Таушаңғы курорттары - Алматының басты демалыс орындарының бірі. Іле Алатауының таңғажайып көрінісін тамашалап, таудың саф ауасымен тыныстап, қыста да шуақты күндерге куә бола аласыз. Алматының ауа райы тау шаңғысы мен сноубордқа қызығатындар үшін өте қолайлы. Маусым әдетте қарашаның аяғында - желтоқсанның басында басталып, ауа райы жағдайына байланысты наурыздың соңына дейін созылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таушаңғы курорттары - Алматының басты демалыс орындарының бірі. Іле Алатауының таңғажайып көрінісін тамашалап, таудың саф ауасымен тыныстап, қыста да шуақты күндерге куә бола аласыз. Алматының ауа райы тау шаңғысы мен сноубордқа қызығатындар үшін өте қолайлы. Маусым әдетте қарашаның аяғында - желтоқсанның басында басталып, ауа райы жағдайына байланысты наурыздың соңына дейін созылады.

Қыс мезгілінде Алматының таушаңғы курорттары демалушыларға толы және трассалар мен көтергіштерде ұзын-сонар кезек болатынын атап өту маңызды. Сондықтан туристерді кезек күтпеу үшін жұмыс күндері тауда демалуға шақырамыз. "Шымбұлақ" және Oi-Qaragai курорты бірігіп, екі куорорттың трассаларына баруға мүмкіндік беретін бірыңғай абонемент ұсынатынын да айтып өтеміз.

Реклама
Реклама

"Шымбұлақ"

Алматыдан 16 км қашықта, Іле Алатауы шатқалында 2 260 метр биіктікте орналасқан. Курортқа "Медеу" спорт кешенінен басталатын аспалы жол арқылы жету оңай. Курорт аймағына электромобильдер мен электроавтобустарға кіруге рұқсат етіледі.

Шымбұлақты еш жерде қайталанбайтын атмосфера, ерекше рухани күш жайлаған. Мұнда демалыстың басқа түрлерінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын, шаңғышылар; шеберлітерімен деміңді ішінен алып таң қалдыратын, экстремальды секіретін және қилы бұрылыстар жасап түстін, батыл сноубордшылар келеді. Шаңғыға алғаш рет тұрғандар да өзін өте ширақ сезінеді. Таушаңғы спортын сүйетіндерді кез келген қажеттегі және шеберлік деңгейдегі тау баурайлары мен шаңғы трассалары, шапшаңдықпен түсетін және слалом-алыптар трассалары, ыңғайлы көтергіштер, тау шаңғы мектебі қуанта алады. Сондай-ақ нұсқаушылар көмегіне жүгінуге болады, ағылшын тілінде қызмет көрсететін нұсқаушылар да жұмыс істейді. Бұдан басқа тюбинг теуіп, атпен серуендеуге болады.

Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, "бэби-лифт" - көтергіші бар балалар алаңы құрылған. Курортта барлық деңгейдегі трассаларда қонақүй, мейрамхана орналасқан.

"Медеуден" өрлеу Іле Алатауының әсем көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. Комби-1 лифті сізді курорттың 2200 метр биіктіктегі базалық станциясынан 2800 биіктіктегі трансфер станциясына дейін жеткізеді. Комби-2 еңістердің екінші деңгейіне көтерілуге ​​мүмкіндік береді. Сондай-ақ курорттың базалық станциясынан "Конус" шатқалына апаратын "ККД-4" отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына шығуға болады. Бұл кәсіби шаңғышылардың ұнататын жері, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Талғар асуынан альпинистер шыңдарды бағындырады.

Visit Almaty

Oi-Qaragai

Талғар ауданындағы курорт Алматыдан 40 км қашықта орналасқан. Ұзындығы 22 шақырым жолдың бойында түрлі қиындықтағы 20 трек, 8 бугель көтергіші, қар жинаудың бірегей жүйесі бар, сондай-ақ білікті жаттықтырушылардан сабақ алуға болады. Қажетті жабдықтарды жалға беретін бес пункт жұмыс істейді.

Мұндағы трассалар "Шымбұлаққа" қарағанда көтерілуге ыңғайлы, биіктік айырмашылығы да 1 550-ден 1 820 метр дейін. Мұнда бірнеше мейрамхана, қонақүйлер орналасқан, курорт аумағында шанамен, баллонмен сырғанап, коньки тебуге арналған арена бар, тіпті атпен серуендеп, қармен жүретін көліктерді де пайдалануға болады.

Visit Almaty

"Ақбұлақ"

Курорт Алматыдан 40 км қашықта Талғарға жақын жерде көркем табиғатты шатқалда, теңіз деңгейінен 1 600 метр биікте орналасқан. Демалыс орны 40 гектар аумақта алып жатыр, курортта түрлі трассалар мен "Балапан" таушаңғы мектебі бар. Ұзындығы 2,5 км "Солнечная", "Березовая" және "Ақ су трассалары тәжірибелі шаңғышылар үшін ыңғайлы. "Домбыра" және FanPark трассалары фрирайд әуесқойларына арналған. Сондай-ақ мұнда отбасылық және жеке жайлы демалыс үшін қолайлы қонақүйлер мен мейрамханалар бар.

Depositphotos.com

Pioneer отбасылық тау жипажайы

Жипажай қаладан 25 шақырым жерде орналасқан. Мұнда қонақтарға арналған үйлер Іле-Алатауы ұлттық саябағы аумағындағы Қотырбұлақ шатқалында салынған. Жипажайдың жан-жағын тау қоршап тұрғандықтан, жел сырғанауға кедергі келтірмейді. Тау бөктері еңістеу, сондықтан шаңғы тебуді енді үйреніп жүргендер үшін таптырмас орын.

Бұл жерде аутизм және дамуы мен коммуникация жасауында ақаулары бар балалар үшін арнайы бейімделген сырғанау курстары да бар.

Instagram.com/skiparkpioneer/

Высокогорный каток "Медеу"

"Медеу" биік таулы мұз айдыны
Қысқы ойын-сауық түрлерін ұнататындар Алматыда қайда барады? Әрине, ең алдымен аңызға айналған «Медеу» мұз айдынына ат басын тірейді. Оны міндетті түрде өз көзіңізбен көруіңіз керек! Өйткені еліміздің басты мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте 10 500 шаршы метр аумақты алып жатыр (мұз айдыны туралы толығырақ visitalmaty.kz сайтынан оқи аласыздар). Сонымен қатар, ол ашық аспан астында жұмыс істеп тұрған стадиондардың арасындағы ең биікте орналасқаны саналады. Конькимен жүгіру спортынан орнатылған әлемдік рекордтар саны бойынша да көш басында. Қазақстандағы адам ең көп баратын спорт кешені. Қала құрылысы мен сәулет ескерткіші.

Коньки тебу маусымы қараша айында басталады. Сондықтан таңертең шаңғы, кешкісін коньки теуіп, екеуіне де үлгеруге болады. Бұл спорт түрі ерекше ұнаса, қыс келісімен қалада көптеп ашылатын басқа мұз айдындарына барып көріңіз. Романтиканы жақсы көретін жандарға Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағының тоғанында коньки тебуді ұсынамыз. Әдемі музыка, жүздеген жарық шамдар, саябақ, таулар мен Көк-Төбе телемұнарасының көз тартар көрінісі - Алматыға бір келуге тұрарлықтай себеп.

Байланыс телефондары мен басқа да мәліметтерді қаланың ресми тур порталы - visitalmaty.kz сайтынан біле аласыздар.

Показать комментарии