Реклама
Реклама

Алматыда балалармен саяхаттау: туристерге арналған кеңестер

Depositphotos.com

Егер сіз Алматыға балалармен бірге саяхаттап келетін болсаңыз, оларға қалада қандай қызықтар бар деген сұрақ туындайды. Алматыда балалардың бос уақытын көңілді өткізуге арналған орындар жетерлік. Сонымен, балаларға арналған қандай қызықты орындар бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Егер сіз Алматыға балалармен бірге саяхаттап келетін болсаңыз, оларға қалада қандай қызықтар бар деген сұрақ туындайды. Алматыда балалардың бос уақытын көңілді өткізуге арналған орындар жетерлік. Сонымен, балаларға арналған қандай қызықты орындар бар?

  • Саябақтардағы ойын-сауық

Алматының ең ірі демалыс саябақтарында кішкентай келушілер үшін кейбір ойын алаңдары, скейт және скутер тебуге арналған аймақтар тегін. Аттракциондар, арқан саябағы және басқа да ойын-сауықтар – ақылы.

Реклама
Реклама

Гоголь көшесі, 1-үй мекенжайында орналасқан Орталық демалыс саябағында аттракционның оннан астам түрі, шолу дөңгелегі, картинг, динопарк, дельфинарий бар. Кафелердің көбі шығыс және еуропа тағамдарын ұсынады.

Visit Almaty

Ұлықбек даңғылы, 57 мекенжайындағы Family саябағында жылы мезгілде келушілер үшін шолу дөңгелегі, америкалық атракциондар, карусель, картинг, виртуалды ойын автоматтары және боулинг бар. Жазда аквапарк жұмыс істейді.

Fantasy world Almaty саябағы кішкентай қонақтарды батуттармен, лабиринттермен және сырғанақтармен қуантады. Ересектеу балалар карусельдерді (ең қарапайымынан жоғары жылдамдыққа дейін), шолу дөңгелегін, қарақшылар кемесін және Roller Coaster-ді жақсы көреді. Аттракциондар жылдың жылы мезгілінде жұмыс істейді.

Shutterstock.com

«Шымбұлақ» арқан саябағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқан. Мұнда балаларға да, ересектерге де арналған қиындығы әртүрлі 3 бағдар ұсынылады. Сондықтан баламен барсаңыз, уақытыңызды өте қызықты өткізуге болады. Арқан аттракционның басты ерекшелігі – ол әлемдегі ең биікте орналасқан арқан саябақтарының бірі саналады. Бағдарлардың ешқайсысы арнайы дайындықты қажет етпейді, яғни арқан аттракционнан кез-келген адам өте алады.

Tengrinews.kz

Kazakh Alpine park «Шымбұлақ» курортында орналасқан. Бұл жерде биіктіктен қаншалықты қорқатыныңызды байқап, өз күшіңізді сынап көре аласыз. Паркте 4 аттракцион бар: арқан көпір, жартастан секіру, аспан әткеншегі мен скалодром. Саябақ аумағында альпинизм музейі ашылған, онда келушілер альпинистер бұрын пайдаланған құрал-жабдықтарын көріп, олардың қызықты хикаяларын тыңдай алады. Музейге кіру тегін.

  • Сауда орталықтарындағы ойын-сауық

Жыл бойы балаларға арналған көңілді және қызықты демалыс Алматының ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында (СОО) қолжетімді.

TeikaBOOM. Ойын-сауық кешені үш аймаққа бөлінген: ойын, балалар кафесі және отбасылық мейрамхана. Ойын аймағында көптеген сырғанақтар, шар бассейндері, лабиринттер бар. Орталықтың артықшылығы – бала ойнап жүргенде, ата-аналар оны жоғарыдағы кафеден немесе мейрамханадан бақылай алады. Соңғысында еуропалық тағамдар және міндетті түрде балалар мәзірі бар. Қосымша ақыға дамытушы шеберлік сыныптарын да сатып алуға болады. TeikaBOOM Розыбакиев көшесі, 247а мекенжайындағы Mega Alma-Ata-да орналасқан.

Aspan Park. Үлкен батут кешені, аттракциондар мен өрмелеу алаңы бар ойын-сауық орталығы. Балалар ойын-сауықпен мәз болып жатқанда, ересектер мейрамханада тамақ іше алады немесе ойын-сауық орталығы орналасқан Forum сауда орталығында сауда жасай алады. Мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 617.

Shutterstock.com

Evrikum кәсіптер қаласы. Орталық ересек балаларды – полиция, өрт сөндіруші, ғалым, аспаз, дәрігер, механик, банкир немесе құрылысшы мамандықтарын сынап көруге шақырады. Кәсіптер қаласы Forum сауда орталығында орналасқан.

Показать комментарии