ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда күйзелістен қалай арылуға болады: көшпендіден секіргішке
Әрбір саяхат - күйзелістен арылу мен шаршаудың шипасы және жаңа әсерлер алу көзі. Бұл мақалада біз туристерге Орталық Азияның үздік мегаполисі - Алматыға сапар барысында кортизолдан арылу /сергу/ адреналинді көтеру және жағымды эмоциялардан қуат алу туралы айтамыз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әрбір саяхат - күйзелістен арылу мен шаршаудың шипасы және жаңа әсерлер алу көзі. Бұл мақалада біз туристерге Орталық Азияның үздік мегаполисі - Алматыға сапар барысында кортизолдан арылу /сергу/ адреналинді көтеру және жағымды эмоциялардан қуат алу туралы айтамыз.
Көшпенді
Алматыда тек қазақ халқының бай тарихы, дәмді тағамдары мен таңғажайып табиғаты туралы ғана емес, мұнда сонымен қатар көшпелі өмір салтымен толық танысуға болатын этноорталықтар мен арнайы клубтар жетерлік. Мысалы, табиғат аясындағы киіз үйде өмір сүру, садақ ату немесе атқа міну арқылы күйзелістен арылуға болады.
Орындар: "Хан-Мерген" атқыштар клубы, ҚР Садақ, арбалет және дартс ату федерациясы, "ТАРГЕТ" галереясы садақ ату клубы, ErZhurek дәстүрлі садақ ату клубы, "Ғұндар" этно-ауылы, Nomad Ethnic Center этноорталығы.
Эмоциялар: "керемет жағымды әсерлер", "дене мен ақыл-ойыңыз тынығады", "мен бір сағат бойы садақ ату жалықтырады деп ойладым, бірақ өте қызықты өтті", "керемет хобби, жиі баратын болдым" - садақ жебесін тартып көргендер дәл осындай әсерлерімен бөлісті.
"Салт-дәстүрлер туралы аңыздар мен джигитовка қатты ұнады, бәрі керемет: киіз үйлер, алтыбақан, атпен серуендеуден алған сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес". Алматы маңындағы этникалық орталықтардың қонақтары осылай дейді.
Жарыс болидасының пилоты
Арнайы жарыс жолдарында естен кетпес әсерлі эмоциялар мен қан құрамында адреналиннің көтерілгенін сезінесіз. Драгга, дрейф және багги тректерін пайдалануға болады.
Өтетін орны: Sokol Race Track (Сокол жарыс жолы).
Эмоциялар: "Мен ұмытылмас әсер алдым, шектен тыс драйв", "трасса керемет, адреналин көтерілгенін сездім" "автокөлік пен мотоспорт әуесқойлары үшін ең жақсы демалыс орны".
Джампер
Роуп-джампинг дегеніміз —альпинистік арқанмен биік ғимараттардан секіру. Оның ерекшелігі мынада - қолданылатын құрал-жабдықтар жан-жаққа тербеліп, төмен қарай бірқалыпты түсуге, айналадағы әсем пейзажды тамашалауға мүмкіндік береді. Роуп-джампинг үшін арнайы дайындық керек емес, қажетті нұсқаулықтар мен кеңестер сол жерде беріледі. Биік ғимараттан секіріп, бойыңызды адреналин билеп, ерекше әсер аласыз.
Болат трос бойымен төмен қарай өте жылдам құлдилайтын Gorilla Zipline аттракционына баруға да кеңес береміз. Руферлер стилінде шатырдың шетімен жүретін Sky Walk аттракционына да барып көріңіз. 45 метр биіктікте шатырда тұрып, ерекше селфи жасау сізге ерекше ұнайтынына сенімдіміз.
Орын: Gorilla Energy park.
Эмоцииялар: "мен ол жерде болдым, өте керемет", "баруға тұрарлық жер", "естен кетпес эмоциялар".
Аспан әткеншегі
Шыңырау үстіндегі әткеншек – алматылықтар мен қала қонақтары жиі баратын жер. Оның ерекшелігі – әткеншек 2500 метр биіктіктегі жотаға қойылған. Тербеліп жатып, тұңғиықта қалықтағандай әсерде боласыз. Әдемі суреттерге түскісі келетін қыздардың «төгіліп» тұратын көйлек ала барғаны жөн. Әткеншекке апаратын жол Қимасар шатқалы арқылы өтеді, ол жерден табиғат пен қаланың керемет көрінісін тамашалауға болады.
Орын: Фурманов шыңы.
Эмоциялар: "ерекше сезімге бөлендім", "шынымен аспанда қалықтап жүргендей боласың", "міндетті түрде барыңыздар, өкінбейсіздер".
Моншаны ұнатушылар
Бу мен моншаның не бір түрі, мейлі ол фин, орыс және түрік хамамы болсын, денеңіздегі зиянды токсиндерден арылтып, буындарыңызға дейін босаңсытады. Моншаға түсу кезінде адам денесінің температурасы орта есеппен үш градусқа, ал теріңіздің температурасы 10 градусқа көтеріледі. Бұл ағзадағы вирустар мен бактерияларды өлтіруге жетерлік, сонымен қатар теріңізді тазартып, май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді.
Орны: "Арасан" монша-сауықтыру кешені.
Эмоциялар: "ыстық буы керемет, қаладағы №1 монша", "керемет монша кешені", "бұл жерді жұмақ дерсің", "өзіндік тарихы бар тамаша монша". Алматыдағы ең үлкен монша кешеніне келушілер әсерлерімен осылай бөліседі.
Показать комментарии