Хикаяға толы бір күн: Алматы маңына үздік турлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото shutterstock.com Фото shutterstock.com

Алматы маңында біркүндік сапарларға арналған табиғи көрікті жерлер көп. Егер сіздің уақытыңыз шектеулі болса, алайда Қазақстанның әсем табиғатын тамашалағыңыз келсе, сізге ең керемет біркүндік турлар туралы айтамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында біркүндік сапарларға арналған табиғи көрікті жерлер көп. Егер сіздің уақытыңыз шектеулі болса, алайда Қазақстанның әсем табиғатын тамашалағыңыз келсе, сізге ең керемет біркүндік турлар туралы айтамыз.

Есік көлі және Түрген шатқалы

Есік көлі Алматыдан 70 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерді "гранит жақтаулы гауһар" деп атайды. Аспанды бұлт торлаған кезде көл сұрғылт реңкке ие, бірақ ашық күн сәулесінің астында су көгілдір, көк немесе тіпті жасыл түске боялады.

Түрген шатқалы көлдің жанында орналасқан. Мұнда көптеген табиғи және тарихи көрікті жерлер бар: ыстық бұлақтар, ең әдемі сарқырамалар ("Медвежий", "Қайрақ" және "Скалистый"), бұлақтар, сондай-ақ сақ қорғандары, "Алтын адам" ескерткіші, жүзімдіктер, омарталар, форель шаруашылығы және түйеқұс фермасы бар.

Айта кету керек, бір уақытта барлық нысанды қамту мүмкін емес, бірақ біркүндік турдың өзі сізге есіңізден кетпес әсер қалдырады. Шатқал қылқанжапырақты және жапырақты ағаштардың алуан түрлігімен, альпі және субальпі шалғындарымен, көлдерімен және бұлақтарымен таңғалдырады. Саяхаттардың көпшілігі сақ қорғандарына, сарқырамаларға, сондай-ақ форель шаруашылығы мен түйеқұс фермасына баруды қамтиды. Тамылжыған түнгі аспанда жұлдыздарды тамашалау үшін Асы үстіртіне арнайы сапарға баруға болады.

Есік көлі. Depositphotos.com

Шарын шатқалы

Алматыдан 200 км жерде орналасқан. Ашық аспан аясындағы бірегей табиғат ескерткіші десе де болады. 12 миллионнан астам жыл бұрынғы шөгінді жыныстардан пайда болған. Мұндағы пейзаждар өте әсерлі, әсіресе күн батқанда, күн шатқалды қызыл, қызғылт және қызғылт сары реңктермен бояған кезде. Каньонның тереңдігі 200 метрге жетеді, ал жартас қабырғаларының биіктігі 150-300 метрге дейін жетеді. Шатқалдың ұзындығы 150 шақырымды құрайды, яғни туристер тамашалайтын нәрселер өте көп.

Мұнараларға ұқсайтын жартас құрылымдарымен танымал қамалдар алқабы ерекше әсер қалдырады. Оның ұзындығы 2 шақырымнан асады және ені әртүрлі учаскелерде 20-дан 80 метрге дейін жетеді.

Сапар кезінде Шаған және Тұраңғы тоғайына соғуды ұмытпаңыз. Шаған тоғайында 300-400 жылға дейін өмір сүретін өсімдіктер бар. Ал тұраңғы немесе азиялық терек жергілікті топырақта жақсы өседі, сонымен қатар бұл ағаштар ежелгі заманнан бері қасиетті болып саналады.

Ай шатқалы сары гүлдерімен және ай рельефіне ұқсайтын пейзаждарымен ерекшеленеді. Жартастардың құрамында сары саз бар, бірақ олардың түсі жарықтың түсуіне байланысты өзгереді. Тау жыныстарының ерекше сұлбасына байланысты киіз үйлер алқабы деп аталған алқап бар.

Тағы бір қызықты орын - тастардың қою түсіне байланысты Қара шатқал аталған жер. Бұл жердің аты да қаралы, халық аңыздары бойынша көшпенділер шатқалдың қараңғы қабырғаларынан құлап мерт болатын.

Шарынға көктем (наурыздың соңы - мамырдың басы) және күз (тамыз айының соңы - қарашаның басы) мезгілінде барған жөн. Жазда тым ыстық, ал қыста суық және жел болуы мүмкін.

Шарын шатқалы. Depositphotos.com

Алма-Арасан шатқалы

Бұл жерге Алматыдан қоғамдық көлікпен келуге болады. Отбасылық демалыс үшін өте қолайлы, мұнда сіз пикник ұйымдастыра аласыз, таудың таза ауасымен демалып, жай серуендей аласыз. Ең басты демалыс орны - теңіз деңгейінен 1872 метр биікте орналасқан жергілікті бұлақтар. Ол жерде бір жағынан, ғасырлық шыршаларға толы тік таулы беткейлерді, екінші жағынан, дауылды өзен ағынын тамашалап, ыстық немесе суық суда демалуға болады. Шомылу аймағы киім ауыстыруға арналған үй-жайлармен, дәретханамен жабдықталған, воркаут аймақ бар.

Жақын маңда "Қыздың көз жасы" сарқырамасы орналасқан. Шатқалда көптеген кафелер мен демалыс орындары бар.

Үлкен Алматы көлі (БАО), Үлкен Алматы шыңы (БАП) және Тянь-Щань астрономиялық обсерваториясы сияқты басқа да танымал орындар жақын орналасқан.

Алма-Арасан шатқалы. Depositphotos.com

Көлсай көлдері мен Қайыңды

Алматыдан 300 км қашықта орналасқан. Қаладан таңертең ерте шықсаңыз, Көлсай көлдері мен Қайыңдыны бір күнде аралауға болады, бірақ көрікті жерлерді толық тамашалау үшін екі-үш күндік сапарға шыққан дұрыс.

Солтүстік Тянь-Шань тауларының асыл алқасындай болған Көлдер жүйесі Жоғарғы, Орта, Төменгі Көлсай көлдерінен тұрады. Үшеуінің әрбірінде өзіне тән тылсым сыры, сөз жетпес сұлулығы бар.

Қайың ағаштарына толы Қайыңды аймағы, судағы қайыңдардың биікке бой созғаны суреттелген көл - Қазақстан кереметтерінің бірі.

Мұздай салқын суы бар ерекше жергілікті климат ағаш діңдерін сақтауға мүмкіндік береді және туристер үшін ерекше орын.

Қайыңды көлі. Depositphotos.com

Сондай-ақ, біркүндік саяхаттар үшін өте қолайлы: "Тамғалы-Тас" қорығы, "Алтын Емел" ұлттық саябағындағы әнші төбе мен "Ғұндар" және NOMAD этноауылдары бар.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная