ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жаяу серуендеу: Қазақстан тарихы
Қазақстан тарихымен танысып, тарихтың негізгі кезеңдерімен таныс болыңыз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан тарихымен танысып, тарихтың негізгі кезеңдерімен таныс болыңыз.
Бағдар тізбегі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі - Республика алаңы - Тәуелсіздік монументі - "Тәуелсіздік таңы" композициясы.
Бағдар сипаттамасы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі - тек республикамыздағы емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең көне және ірі музейлердің бірі. Музей қорында тарихтан сыр шертетін 300 мыңға жуық құнды жәдігер сақталған.
Республика алаңы - Алматының жүрегі ғана емес, сонымен бірге Қазақстан тарихындағы айтулы оқиғалардың куәсі, орталық нүктесі.
Алаңның қақ ортасында Тәуелсіздік монументі орналасқан. Композицияның негізгі элементі - 28 метрлік стела. Қанатты барыстың үстіне биіктігі 6 метрлік айбарлы "Алтын адам" жайғасқан.
1986 жылы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берген "Желтоқсан оқиғасы" дәл осы алаңда басталған. "Тәуелсіздік таңы" композициясы "желтоқсаншыларға" арналған.
Показать комментарии